"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Ахметова |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Қостанай облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ В. Нечитайло
2015 жылғы 14 қазан
"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының Ішкі істер департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Т. Маткенов
2015 жылғы 14 қазан
"Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі
экологиялық реттеу, бақылау және
мемлекеттік инспекция комитетінің
Қостанай облысы бойынша Экология
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ А. Әлімбаев
2015 жылғы 14 қазан
"Қостанай облысы әкімдігінің
сәулет және қала құрылысы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ А. Бекенов
2015 жылғы 14 қазан
"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ Қ. Төлеубаев
2015 жылғы 14 қазан
"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Қ. Қамбаров
2015 жылғы 14 қазан
Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 қазандағы № 442 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін
күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң), 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.2. Қағидалар Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абаттандыру – сол немесе өзге де аумақты құрылыс, мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың және іс-шаралардың жиынтығы;
2) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
3) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 гектар аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
4) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
5) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;
6) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау – жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсіруге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
7) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
8) жалпы пайдаланымдағы жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған объектілер (жалпы пайдаланымдағы инженерлік жүйелер) үшін алынған және арналған жерлер;
9) көгалдандырылған аумақ – табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлзарлар орналасқан жер учаскесі;
10) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
11) өтемдiк көгалдандыру – жойылған немесе зақымданған жасыл екпелердің орнына жасыл екпелерді отырғызу;
12) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
13) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
14) уәкілетті орган - табиғатты пайдалануды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
15) ұйым – жүргізілетін жұмысқа қажетті қызметті жүзеге асыратын, материалдық және білікті еңбек ресурстары бар жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар;
16) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
17) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
2. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
4. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжайлар учаскелерінде және коммуналдық қызметтердің қарауына жататын зираттардың учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда барлық жасыл екпелер бiрыңғай жасыл қор құрайды және қорғалуға жатады.5. Жасыл екпелердің тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз етумен үйлеспейтін көгалдандырылған аумақтарды және жасыл алқаптарды пайдалануға жол берілмейді. Көгалдандырылған аумақтарды дамыту елді мекенді көгалдандырудың ұзақ мерзiмдi кешендi схемасына сәйкес жүргiзiледi.
6. Көгалдандыру бойынша барлық жұмыстың түрлерiн жұмыс сызбаларына сәйкес бекітілген жобалар бойынша орындаған жөн. Көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргiзу кезiнде орындалатын жұмыстардың сапасына және бекiтiлген жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуіне Заңға сәйкес авторлық қадағалау жүргізіледі.
7. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау көгалдандыру бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін қамтиды:
1) жасыл екпелерді отырғызу;
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау;
3) гүлзарларды, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу;
4) барлық вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
5) жасыл екпелерді қырқу, қайта отырғызу, кесу (апаттық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұтақтарды санитариялық кесу);
6) тыңайтқыштарды салу;
7) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.
8. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу технологиясы сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
9. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету жұмыстары вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.
10. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.
11. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргiзуге бөлiнетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, жасыл екпелерді кесу немесе қайта отырғызу жүргізіледі.
12. Жасыл екпелерді кесу мынадай:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыстың объектілерін орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, жер үсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
3) апаттық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
4) жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;
5) адамның өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіруі мүмкін ескі екпелерді санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылуы мүмкін.
13. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі және ғимараттар, құрылыстар, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде ағаштар апатты құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинау, құлаған жерлерді уақтылы санитариялық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану құқығы шекарасындағы, сол аумақ тиесілі ұйымға немесе қызмет көрсететін учаскелері бойынша ұйымдарға жүктеледі.
14. Өскен немесе зақымдалған жасыл екпелер өздігінен құлаған жағдайда, кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған кезде жасыл екпелерді қалпына келтіру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
15. Қаланың және елді мекеннің аумақтарында өтемдік отырғызу жүргізу үшін уәкілетті орган арнайы учаскелерді айқындайды.
16. Жалпыға ортақ және арнайы пайдаланылатын жерлерде өтемдік отырғызуларды жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-баптауды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді.
3. Қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру
1-параграф. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
17. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.18. Жерлердің ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды осы саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асырады.
19. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:
1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;
3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.
2-параграф. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру
20. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
21. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан саябақтарды, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.
22. Объектілердің меншік иелері іргелес аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдары қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.
23. Жылдың жазғы мезгілінде құрғақ ауа райында даңғылдардың, көшелердiң және өтпе жолдардың жол төсемелерiн сыпыру жол төсемелерін алдын-ала дымқылдау арқылы жүзеге асырылады.
24. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.
25. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.
26. Жол-жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.
27. Су ағатын желілердің ластануын болдырмау үшін су ағатын коллекторларда, жауын суын қабылдайтын құдықтарда және арық жүйесінде қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.
28. Жерүстi инженерлік құрылыстарың пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.
29. Қысқы тазартуға:
1) жолдардың жүру бөліктерін, тротуарларды көктайғаққа қарсы қолданылатын арнайы материалдармен өңдеу;
2) қардан тазалау;
3) кейіннен шығару үшін қардың үйінділерін қалыптастыру;
4) тығыздалған қар және пайда болған мұзды жару және жою.
30. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару арнайы дайындалған алаңдарда жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген орындарға қарды шығаруға жол берілмейді.
31. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинап қою орындары қоқыстардан тазартылады және абаттандырылады.
32. Ғимараттардың, құрылыстардың, құрылғылардың меншік иелері шатырларды қардан, қызылсу мұздан және сүңгiлерден уақытылы тазартуды қамтамасыз етеді. Тазартуға тек қана тәуліктің жарық уақытында алдын ала қауіпті учаскелерге қоршау қоюмен жол беріледі.
Көше жағына қараған шатыр құламасын тазарту тротуарларға, қалған шатыр құламасынан, сондай-ақ жайпақ шатырлардан ауланың iшкi аумақтарына түсiрiледі. Шатырлардан түсірілген қар, қызылсу мұздан және сүңгілер уақытылы шығарылуға жатады.
33. Су ағар құбырларға қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берiлмейдi.
3-параграф. Қалдықтарды жинау және шығару
34. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметi нәтижесiнде пайда болған өндiрiс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезiнен бастап қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстеудi қамтамасыз етедi. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.35. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкiлеттi орган белгiлеген бекiтiлген кестеге сәйкес мерзiмде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында iлiнедi.
36. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектiлердi жөндеудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын кәдеге жарату шарттарын жасасуы қажет, оны белгiленген орынға өз бетiнше немесе қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт бойынша шығарады.
37. Үй иелерінің аумағында мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады. Контейнерлерді орнатуға арналған алаңдардың бетонды немесе асфальтты жабыны және қоршауы болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін жапқыштары бар контейнерлерді қолданған жөн.
38. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді.
39. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, үй иелерінің кәрізденбеген сұйық қалдықтары ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.
40. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін орындарда дезинфекциялайтын ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындары тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
41. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға жатпайды.
42. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
43. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде істен шыққан құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.
44. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін ұйымдар мыналарды:
1) контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақтарды тиісті санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;
3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
45. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.
46. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халық көп келетін орындарда құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құты орнатылады.
47. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толу шамасына қарай, бiрақ күніне бір реттен кем емес тазартылады.
Құтылар ластану деңгейіне қарай, бiрақ аптасына бір реттен кем емес жуылады.
4-параграф. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру
48. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.49. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкес болуы тиіс.
5-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
50. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншiк иелерi көрсетiлген объектiлердiң қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтiру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргiзудi қамтамасыз етедi, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткiш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердiң көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендiрiледi.51. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.
6-параграф. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
52. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және өзге де жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.53. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырланады. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.
54. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және оларды кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.
55. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері тез жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.
56. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
57. Субұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу режимін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.
58. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де, оларды тазалықта ұстайды.