"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2015 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі ай және одан да көп);
3) елу жастан асқан адамдар;
4) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыздар ретінде тіркелген, лайықты жұмысы жоқ адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж.Қалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Әкім А. Ахметжанов