Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасы" мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ережені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің | |
міндетін атқарушы | Қ. Сәндібеков |
Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 2477 қаулысымен бекітілді |
"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі мәдениет, демалыс және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнің Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.
3. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Дулатов көшесі, № 91 үй.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі.
11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінiң құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы: "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі Қостанай қаласы аумағында мәдениет, тарихи-мәдени мұраны сақтау және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) кітапхана ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында Қостанай қаласының мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құруға бастамашылық жасайды, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты инспекциялайды;
3) Қостанай қаласының сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуге жетекшілік етеді;
4) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық қамтылуын нығайтуға жәрдем көрсетеді;
6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ведомстволардың функциялары:
"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
1) жалпы қалалық мерекелер, фестивальдер, шоу-бағдарламалар, байқаулар, мәдени-көпшiлiк, спорт және басқа да шараларды ұйымдастырады және өткiзеді;
2) мәдени демалыс қызметi саласында жаңа түрдегі сценарийлық әзірлемелер және қойылымдық қызметті жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі:
1) кітапхана қорын барынша пайдалануды және есепке алуды, сақтауды қамтамасыз етеді;
2) басқа да мәдениет мекемелерімен, шығармашылық одақтармен, оқу орындарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жергілікті атқарушы органдармен мәдени-ағарту бағдарламаларды, жастардың бос уақытын ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша өзара әрекет жасайды.
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыры шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан қажетті мәліметтер, материалдар мен құжаттар сұрау және алу;
2) мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша мәжілістер, ақпараттық-презентациялық іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқа іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу;
3) мәдениет пен тілдерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану мәселелерін шешу үшін комиссиялар мен уақытша және тұрақты жұмыс топтарын құру;
4) өзінің негізгі қызметін жоспарлау және жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану саласының дамуын анықтау;
5) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін талдау;
6) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
3. Мемлекеттiк органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысын Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
21. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) құрылымдық бөлімшелер басшыларының лауазымдық міндеттері мен өкілеттілігін бөледі;
3) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің атынан әрекет етеді;
4) барлық ұйымдарда "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
5) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билік етеді;
6) шарттар жасасады;
7) сенiмхаттар береді;
8) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен орындалуға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
10) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазаға тартады;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға дербес жауап береді;
12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өзге де функцияларды орындайды.
"Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттiк органның мүлкі
22. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен табылған мүлік қалыптастырылады.
23. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны."Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.