2016 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 3631 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қаңтарда № 6119 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 335 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 18.02.2016 № 335 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2016 жылы жұмыссыздарға ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысы жергілікті бюджет қаражатынан нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшерінде белгіленсін.
      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісінің негізінде жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысына, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарына, әлеуметтік салыққа, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтері үшін комиссиялық сыйақыға жұмсалатын шығындарын өтесін.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру уәкiлеттi орган мен қаулыға қосымшада белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген талаптар бойынша жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      Қостанай қаласының әкімі Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      "Ауыл шаруашылығы дақылдарының
      сортын сынау жөніндегі Қостанай
      облыстық инспектурасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ Б. Досмухамедов
      2015 жылғы 30 желтоқсан
      "Қазақстан Республикасы Әділет
      министрлігінің Қостанай облысы
      әділет департаменті" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________________ Е. Абдрахманов
      2015 жылғы 30 желтоқсан
      Қостанай облысының прокуроры
      аға әділет кеңесшісі
      _________________ М. Қайбжанов
      2015 жылғы 30 желтоқсан
      "Помощь" қоғамдық қорының
      атқарушы директоры
      _________________ Ю. Калюжный
      2015 жылғы 30 желтоқсан
      "Тазалық-2012" жауапкершілігі
      шектеулі серіктестігінің директоры
      _________________ А. Кушнир
      2015 жылғы 30 желтоқсан

  Қостанай қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 3631 қаулысымен бекітілген

2016 жылы жұмыссыздарға ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері


Ұйымдардың атауы

Жұмыс түрлері

Жұмыс көлемі,

сағатпен

Жұмыстардың нақты жағдайлары

Еңбегіне төленетін ақының мөлшерлері мен оларды қаржыландыру көздері

1
"Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің спорт сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін аумақтарды абаттандыруға көмек көрсету.
1280
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күні, бір сағаттан кем емес түскі ас үзілісі бар қоғамдық жұмыстардың бір қатысушысының жұмыс аптасының ұзақтығы - аптасына 40 сағаттан аспайды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшері
2
"Қостанай қаласы Әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қалалық мәдениет және демалыс паркі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін орталық сквер, қалалық жағажай және тобыл жанындағы парктің оңтүстік бөлігі аумағын абаттандыру жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
27240
3
"Қостанай облысының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
27240
4
"Тазалық-2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін қала аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
52560
5
"Помощь" қоғамдық қоры
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін жүре біткен иммундық тапшылық синдромының профилактикасы бойынша әлеуметтік жұмыс жүргізуге көмек көрсету
18160
6
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемесі "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Қостанай облыстық инспектурасы"
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
3328
7
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі
Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
5448

      

Об организации оплачиваемых общественных работ в 2016 году

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 30 декабря 2015 года № 3631. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 6 января 2016 года № 6119. Утратило силу постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 18 февраля 2016 года № 335

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 18.02.2016 № 335 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый перечень организаций, виды, объемы и конкретные условия общественных работ, размеры оплаты труда участников и источники их финансирования, организуемых для безработных в 2016 году.
      2. Установить оплату труда участников общественных работ в двукратном размере минимальной заработной платы, установленной законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год, за фактически отработанное время, из средств местного бюджета.
      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата города Костаная" (далее - уполномоченный орган) возмещать расходы работодателей на оплату труда участников общественных работ, социальные отчисления в государственный фонд социального страхования, социальный налог, компенсационные выплаты за неиспользованные дни оплачиваемого ежегодного трудового отпуска, комиссионные вознаграждения за услуги банков второго уровня по зачислению и выплате заработной платы, на основании акта выполненных работ (услуг).
      4. Организацию общественных работ производить на условиях, указанных в договоре на выполнение общественных работ, заключенном в соответствии с действующим законодательством, между уполномоченным органом и организациями, определенными в приложении к постановлению.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Костаная по социальным вопросам.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2016 года.
      Аким города Костаная Б. Жакупов

      СОГЛАСОВАНО
      Руководитель государственного
      учреждения "Костанайская областная
      инспектура по сортоиспытанию
      сельскохозяйственных культур"
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан
      _______________ Б. Досмухамедов
      30 декабря 2015 года
      Руководитель республиканского
      государственного учреждения
      "Департамент юстиции Костанайской
      области Министерства юстиции
      Республики Казахстан"
      _______________ Е. Абдрахманов
      30 декабря 2015 года
      Прокурор Костанайской области
      старший советник юстиции
      _______________ М. Кайбжанов
      30 декабря 2015 года
      Исполнительный директор
      Общественного фонда "Помощь"
      _______________ Ю. Калюжный
      30 декабря 2015 года
      Директор Товарищества с ограниченной
      ответственностью "Тазалык-2012"
      _______________ А. Кушнир
      30 декабря 2015 года

  Утвержден
постановлением акимата
города Костаная
от 30 декабря 2016 года № 3631

Перечень организаций, виды, объемы и конкретные условия общественных работ, размеры оплаты труда участников и источники их финансирования, организуемых для безработных в 2016 году


наименование организации

виды работ

объемы работ в часах

конкретные условия работ

Размеры оплаты труда и источники их финансирования

1
Государственное коммунальное казенное предприятие "Дворец спорта акимата города Костаная отдела физической культуры и спорта акимата города Костаная"
Оказание помощи в благоустройстве территорий, не требующей предварительной профессиональной подготовки.
1280
Продолжительность рабочего времени одного участника общественных работ - не более 40 часов в неделю, учитывая ограничения, предусмотренные трудовым законодательством Республики Казахстан, с двумя выходными днями, обеденным перерывом не менее одного часа.
Двукратный размер минимальной заработной платы, установленной законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год, за фактически отработанное время, из средств местного бюджета.
2
Государственное коммунальное предприятие "Костанайский городской парк культуры и отдыха" акимата города Костаная государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Костаная"
Оказание помощи в проведении работ по благоустройству территории Центрального сквера, городского пляжа и южной части притобольского парка не требующая предварительной профессиональной подготовки
27240
3
Государственное учреждение "Прокуратура Костанайской области"
Оказание помощи в проведении технических работ по обработке различных документов, не требующей предварительной профессиональной подготовки.
27240
4
Товарищество с ограниченной ответственностью "Тазалык-2012"
Оказание помощи в проведении работ по благоустройству территории города, не требующей предварительной профессиональной подготовки
52560
5
Общественный фонд "Помощь"
Оказание помощи в проведении социальной работы по профилактике синдрома приобретенного иммунодефицита, не требующей предварительной профессиональной подготовки.
18160
6
Государственное учреждение "Костанайская областная инспектура по сортоиспытанию сельскохозяйственных культур" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Оказание помощи в проведении работ по благоустройству и озеленению территории города, не требующей предварительной профессиональной подготовки.
3328
7
Республиканское государственное учреждение "Департамент юстиции Костанайской области Министерства юстиции Республики Казахстан"
Оказание помощи в проведении технических работ по обработке различных документов, не требующей предварительной профессиональной подготовки.
5448