Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2015 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
Жұмыссыз есебінде "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген, бірақ лайықты жұмысы жоқ.
2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Ж. Мәметековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 01 қаңтарына қатынастарға таратылады.
Қала әкімі |
Ғ. Бекмұхамедов |