Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары 2015 жылға ұсынылсын:
жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Он үшінші сессияның төрағасы | Ю.Волков |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Бондаренко |