"Қ. Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 178 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 маусымда № 5698 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 15.06.2016 № 140 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президетінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының бірінші рет ресми шыққанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Балғарин

  Әулиекөл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 178 қаулысымен бекітілді

"Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110407, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қ.Тұрғымбаев ауылы, Алтынсарин көшесі.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
      құқықтары және міндеттері
      14. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауылдық округі әкімінің талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық іс-әрекетін қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
      2) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғарлауын қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
      2) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
      3) аппарат жұмысын жоспарлайды, кеңестер, семинарлар және басқа да шараларды өткізуді, оларды дайындауын және өткізуді ұйымдастырады;
      4) Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын дайындайды;
      5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      6) әкімнің актілерін тиісті ресімдеуін және таратуын қамтамасыз етеді;
      7) Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппаратында жоспарға сәйкес іс қағаздарын жүргізуін ұйымдастырады;
      8) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарайды, әкімнің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастырады;
      9) мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шаралар қолданады;
      10) жұмыстың стилін, әдісін жақсарту шараларын және жаңа ақпараттық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;
      11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      12) мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттардың жетерлігін қамтамасыз етеді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің құзырына енетін мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалар мен басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқалай материалдарды сұратып алуға;
      2) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін жетілдіру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекет ету;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      3. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
      18. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік және басқа органдарда ауылдық округінің әкімі аппаратының мүддесін ұсынады;
      2) аппарат жұмысын ұйымдастырады, басқарады және аппаратқа жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына жеке жауап береді;
      3) Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты туралы ережені, аппараттың құрылымы және штаттық қызметкерлер саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді, еңбекақы төлемі қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыруды сыйақы белгілейді;
      4) Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппаратында ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      5) аппарат қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
      6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға сәйкес қызметкерлерді тәртіптік жазаға тартады;
      7) Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңның орындалуын бақылайды;
      8) өкімдер мен шешімдер шығарады;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кадрлар бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      10) өз өкілеттігі шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
      11) Қ.Тұрғымбаев ауылының әкімі аппаратының қызметкерлерін іс-сапарларға жібереді;
      12) жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
      13) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың және басқалай құжаттардың жобаларын әзірлеуде топтар ұйымдастырады;
      14) аппараттың ақшалай қаржыларына иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
      15) аппарат қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
      16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізеді, сол үшін жеке жауапты болады;
      17) өз өкілеттігі шеңберінде гендерлік саясатты іске асырады;
      18) өз өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
      "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің мүлкі
      21. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық аудандық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
      24. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима села К. Тургумбаева"

Постановление акимата Аулиекольского района Костанайской области от 19 июня 2015 года № 178. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 26 июня 2015 года № 5698. Утратило силу постановлением акимата Аулиекольского района Костанайской области от 15 июня 2016 года № 140

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Аулиекольского района Костанайской области от 15.06.2016 № 140.
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Аулиекольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат акима села К.Тургумбаева".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района А. Балгарин

  Утверждено
постановлением акимата
Аулиекольского района
от 19 июня 2015 года № 78

Положение
о государственном учреждении
"Аппарат акима села К.Тургумбаева"

      1. Общие положения
      1. Государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акима сельского округа.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжением акима и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: 110407, Республика Казахстан, Костанайская область, Аулиекольский район, село К.Тургумбаева, улица Алтынсарина.
      10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат акима села К.Тургумбаева" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева".
      Если государственному учреждению "Аппарат акима села К.Тургумбаева" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.
      2. Миссия, основные задачи, функции,
      права и обязанности государственного учреждения
      "Аппарат акима села К.Тургумбаева"
      14. Миссией государственного учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева" является аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима сельского округа.
      15. Задачи:
      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан, прав и свобод граждан;
      2) взаимодействие с общественными организациями и средствами массовой информации;
      3) обеспечение повышения качества оказания государственных услуг.
      16. Функции:
      1) разъяснение проводимой Президентом внутренней и внешней политики;
      2) обеспечение освещения деятельности акима в средствах массовой информации, опубликование нормативных правовых актов;
      3) планирует работу аппарата, проводит совещания, семинары и другие мероприятия, организует их подготовку и проведение;
      4) готовит проекты решений и распоряжений акима села К.Тургумбаева;
      5) содействует исполнению гражданами и юридическими лицами норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;
      6) обеспечивает надлежащее оформление и рассылку актов акима;
      7) организует в соответствии с планами делопроизводство в аппарате акима села К.Тургумбаева;
      8) рассматривает служебные документы и обращения физических и юридических лиц, организует проведение личного приема физических и представителей юридических лиц акимом;
      9) принимает меры, направленные на широкое применение государственного языка;
      10) проводит работу по улучшению стиля и методов работы, внедрению новых информационных технологий;
      11) обеспечивает доступность стандартов и регламентов государственных услуг;
      12) осуществляет другие функции в соответствии с действующим законодательством.
      17. Права и обязанности:
      1) в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов и должностных лиц и других организаций по вопросам компетенции акима села К.Тургумбаева;
      2) взаимодействовать с другими органами государственного управления, органами общественного самоуправления и другими организациями по вопросам повышения эффективности управления на соответствующей территории;
      3) соблюдение норм действующего законодательства Республики Казахстан;
      4) качественное и своевременное исполнение актов и поручений Президента, Правительства и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области, акима и акимата района;
      5) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством.
      3. Организация деятельности государственного учреждения
      "Аппарат акима села К.Тургумбаева"
      18. Руководство государственным учреждением "Аппарат акима села К.Тургумбаева" осуществляется акимом сельского округа, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева" назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева":
      1) представляет интересы аппарата акима сельского округа в государственных органах, иных организациях;
      2) организует и руководит работой аппарата и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат функций и задач;
      3) разрабатывает Положение об аппарате акима села К.Тургумбаева и предложения по структуре и штатной численности аппарата, устанавливает доплаты, материальное поощрение государственных служащих (премии) в пределах экономии фонда оплаты труда;
      4) устанавливает внутренний трудовой распорядок в аппарате акима села К.Тургумбаева;
      5) определяет обязанности и полномочия работников аппарата;
      6) привлекает к дисциплинарной ответственности работников в соответствии с законодательством о государственной службе и Трудовым кодексом Республики Казахстан;
      7) контролирует исполнение законодательства о государственной службе в аппарате акима села К.Тургумбаева;
      8) издает решения и распоряжения;
      9) организует работу по кадрам в соответствии с действующим законодательством;
      10) подписывает служебную документацию в пределах своей компетенции;
      11) направляет работников аппарата акима села К.Тургумбаева в командировки;
      12) осуществляет личный прием физических и представителей юридических лиц;
      13) образовывает группы для разработки проектов нормативных правовых актов, программ и других документов;
      14) распоряжается денежными средствами аппарата, подписывает финансовые документы;
      15) дает указания, обязательные для исполнения, работникам аппарата;
      16) проводит мероприятия по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      17) реализует гендерную политику в пределах своей компетенции;
      18) принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      4. Имущество государственного учреждения
      "Аппарат акима села К.Тургумбаева"
      21. Государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима села К.Тургумбаева", относится к коммунальной собственности.
      23. Государственное учреждение "Аппарат акима села К.Тургумбаева" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.
      5. Реорганизация и упразднение государственного
      учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева"
      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима села К.Тургумбаева" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.