Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 43-1 бабына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 23 «Қостанай облысы Денисов ауданы Красноармейск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4551 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Денисов ауданы Красноармейск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында:
5, 6-тармақтары мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«5. Красноармейск ауылдық округі ауылдардың шегінде бөлек жиынды өткізуді Красноармейск ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Красноармейск ауылдық округі ауылдардың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы Ж. Ахметов
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы Денисов ауданы
Красноармейск ауылдық округінің әкімі
__________________ А. Хлебников
2015 жыл «19» маусым