Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 05.02.2024 № 61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысының Жангелдин ауданы Торғай ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) және бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық | |
мәслихатының кезекті | |
сессиясының төрайымы | Г. Омарова |
Жангелдин аудандық | |
мәслихатының хатшысы | С. Нургазин |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Қостанай
облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Жангелді ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Д. Әмірханұлы
"Жангелдин ауданының жер
қатынастар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________ Т. Ганимат
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 247 мәслихат шешіміне 1-қосымша |
Қостанай облысының Жангелдин ауданы
Торғай ауылының жерлерін аймақтарға бөлу
және бағалау аймақтарының шекараларының
ЖОБАСЫ (СХЕМАСЫ)
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 247 мәслихат шешіміне 2-қосымша |
Қостанай облысының Жангелдин ауданы
Торғай ауылының жерлерін бағалау
аймақтарының шекаралары
Аймақ нөмері | Жер-кадастрлық кварталдар шекараларымен аймақтардың қиылысу шекаралары | Аймақ ауданы, гектар |
І | 002 бөлім, 003 бөлім | 164 |
Аймаққа ауылдың орталық бөлігі қамтылған. Бұл аймақта негізгі әкімшілік мекемелер, мектеп, аурухана, дәріхана, дүкендер орналасқан. Осы аймақ Ахмет Байтұрсынов көшесінің солтүстік-шығысынан, Қасымхан Алтынсары көшесінің оңтүстік- батысымен шектелген | ||
ІІ | 001 бөлім, 004 бөлім | 165 |
Аймақ өзіне Ахмет Байтұрсынов көшесінің жерін және солтүстігін, басқа бөлігі Қасымхан Алтынсары көшесін және оңтүстікті қамтиды. | ||
ІІІ | 001 бөлім, 002 бөлім, 003 бөлім, 004 бөлім 006 бөлім | 165 |
Аймақ өзіне өндірістік бағыттағы жерлерді қамтиды | ||
ІV | 001 бөлім, 006 бөлім | 22889 |
Аймақ өзіне Торғай ауылының аумағына кіретін ауыл шаруашылық бағыттағы жерлерді қамтиды. |
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 247 мәслихат шешіміне 3-қосымша |
Қостанай облысының Жангелдин ауданының
Торғай ауылының жер учаскелері үшін
төлемақының базалық ставкаларына
түзету коэффициенттері
Аймақтың нөмірі | Түзету коэффициенттері | Базалық ставканың көтерілу пайызы |
I | 1,1 | +10 % |
II | 1,0 | +/-0 % |
III | 0,9 | -10 % |
IV | 0,8 | -20 % |