Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 27.05.2016 № 36 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессияның төрағасы |
Н. Джафаров |
Жітіқара аудандық |
|
мәслихатының хатшысы |
М. Кененбаева |
Мәслихатының |
"Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Жітіқара аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын, депутаттарға өздерінің өкiлеттiгін жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6 шағын ауданы, 65 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы: "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Жітіқара аудандық мәслихатының оның органдарының және депутаттардың қызметін қамтамасыз етеді.
15. Міндеттері:
азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, нормаларын Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындауына жәрдемдесу.
16. Функциялары:
1) мәслихат пен оның органдарының қызметін қолдау ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетудің қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функциялар.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге, шарт жасасуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
2) аудан аумағында орналаскан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдардан мәслихаттың жүргізуіне қатысы мәселелер бойынша ақпараттар, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұрауға және алуға;
3) мемлекеттік, мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен аудандық мәслихатының аппаратына жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысуға;
4) Жітіқара аудандық мәслихатының және оның органдарының отырыстарына қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтары мен міндеттер.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты, "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.
20. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
21. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мiндеттердi орындайды.
"Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудандық мәслихат аппаратының басшысы басқарады.
23. Аудандық мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, аудандық мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.