"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" Жарлығына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдаңысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Бисимбаев |
Әкімдіктің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 88 қаулысымен бекітілген |
"Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанова көшесі, 61 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қамысты ауданында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау функцияларын жүзеге асыру.15. Міндеттері:
1) әлеуметтік–экономикалық даму басымдықтарды тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамыту;
2) елдегі және аудандағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне уақтылы мән беру және аудан экономикасын тұрақтандыру бойынша шара қолдану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) Ауданды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын және ауданды дамыту бағдарламасын әзірлеу;
2) ауданды дамыту бағдарламарын мониторингі;
3) ауданның бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
4) бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу, тiзбесiн қалыптастырады;
5) Қамысты ауданы бюджеттік комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру, бюджеттік комиссиясы отырысының хаттамасын дайындау;
6) бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарастырады, қорытындыларды қалыптастырады және оларды ауданының бюджеттік комиссиясына қарастыруға жібереді;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің және әкімдігінің бағдарламаларын, іс-шаралар жоспарын, тапсырмаларын орындау бойынша есептерді дайындау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады;
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілерден қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге материалдарды сұрау және алу;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамасын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңмен бекітілген мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шараларды қолдану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қамысты ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
2) "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
4) "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;
5) бұйрықтар шығарады;
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады және мадақтау шараларын қолданады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
"Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.