"Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 333 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6160 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 17.05.2016 № 22 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Он жетінші сессияның төрағасы,
      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Қазиев

  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 333 шешімімен бекітілген

"Қарасу аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қарасу аудандық мәслихатының қызметін және аудандық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Қонституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 68.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қарасу аудандық мәслихатының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері:
      азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.
      16. Функциялары:
      1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсу, шарт жасасу және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;
      мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
      20. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
      21. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудандық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата"

Решение маслихата Карасуского района Костанайской области от 22 декабря 2015 года № 333. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 22 января 2016 года № 6160. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 17 мая 2016 года № 22

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 17.05.2016 № 22.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", Карасуский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель семнадцатой сессии,
      секретарь Карасуского
      районного маслихата С. Казиев

  Утверждено
решением маслихата
от 22 декабря 2015 года № 333

Положение государственного учреждения
"Аппарат Карасуского районного маслихата"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата" является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающий деятельность Карасуского районного маслихата и работу депутатов районного маслихата.
      2. Государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря районного маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 111000, Республика Казахстан, Костанайская область, Карасуский район, село Карасу, улица А.Исакова, 68.
      10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат Карасуского районного маслихата" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата".
      Если государственному учреждению "Аппарат Карасуского районного маслихата" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции,
права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата": обеспечение деятельности Карасуского районного маслихата и депутатов.
      15. Задачи:
      содействие исполнению гражданами и организациями норм Конституции Республики Казахстан, законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов.
      16. Функции:
      1) осуществляет организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение маслихата и его органов, оказывает помощь депутатам в осуществлении их полномочий;
      2) осуществляет иные функции, определенные законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) вступать в гражданско-правовые отношения с физическими и юридическими лицами, заключать договора и осуществлять иную деятельность, не противоречащую действующему законодательству;
      2) вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями;
      3) осуществлять иные права и обязанности определенные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Аппарат Карасуского районного маслихата" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата" избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата" не имеет заместителей.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата":
      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;
      2) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;
      3) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;
      4) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;
      5) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;
      6) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;
      7) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;
      8) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;
      9) представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;
      10) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;
      11) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующем законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата"
      в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Аппарат государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата" возглавляется руководителем аппарата районного маслихата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат Карасуского районного маслихата", относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Аппарат Карасуского районного маслихата" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат Карасуского районного маслихата" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.