Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 23.04.2024 № 168 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5219 тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қостанай ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын жайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге берiледi.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық | |
мәслихатының кезекті | |
сессиясының төрағасы | В. Двуреченский |
Қостанай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Досжанов |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қостанай ауданы әкімдігінің | |
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | |
______________ В. Панин | |
Қостанай ауданы әкімдігінің | |
"Экономика және қаржы бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | |
_______________ З. Кенжегарина |