Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 01.10.2015 № 525 қаулысымен.
«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес схемасы бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қостанай ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың қағидалары бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Исабаев
Әкімдіктің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 255 қаулысына қосымша
Схемасы
Әкімдіктің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 255 қаулысымен бекітілген
Қостанай ауданының шалғайдағы елдi мекендерде
тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге
тасымалдаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау қағидалары) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына (бұдан әрі – Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы) сәйкес әзірленді.
2. Балаларды тасымалдау Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысымен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру қағидасына сәйкес жүргізушілердің жұмысын, балаларды тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы ұйымдастырады.
4. Автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және басқа көлiк түрiмен балаларды жеткiзудi ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Балалар тасымалдауға арналған автобустар сары түсті шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиіс. Бұл автобустардың алдына және артына «Балаларды тасымалдау» деген тану белгісі 1.21. жол белгiсiнiң рәмiзiн қара бояумен бедерлеп қызыл түстi жиектi сары түстi квадрат түрiнде (жақтары кемiнде екі жүз елу миллиметр, жиектiң енi - жақтың 1/10) орнатылады.
2. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру
5. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
6. Балаларды тасымалдауға бөлiнген автобустарда орындықтардың орналасуы жол жүрген кезде оларды алып жүретiн ересектерге өздерiнiң орындарынан балалардың мiнез-құлқын бақылауға мүмкiндiк беруi тиiс.
7. Балаларды 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейiн автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар басу, жаңбыр, тайғақ, сондай-ақ дауыл және басқа апат жағдайлары кезiнде) жол берілмейді.
8. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
9. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
10. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жастан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
11. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.
12. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүру қағидасын (бұдан әрі – Жол жүру қағидасы) соңғы жылдары еңбек тәртібін және қозғалысы өрескел бұзбаған.
Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
13. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
14. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
15. Автобустың қозғалысы барысында ерiп жүрушiлер автобустың әрбiр есiгiнiң жанында орналасуы тиiс. Егер автобуста бiр ерiп жүрушi болса, ол автобустың алдыңғы есiгiнiң жанында орналасуы тиiс.
16. Тасымалданатын балалардың қалыпты жағдайы мен денсаулығын қамтамасыз етуге байланысты қажеттiлiк болған кезде автобустың жүргiзушiсi ерiп жүрушiнiң нұсқауымен жол жүру барысында жоспарланбаған аялдамалар жасайды.
Аялдама және тұрақ орындарын таңдағанда жүргiзушi Жол жүру ережесiн басшылыққа алуы тиiс. Автобустың аялдауы (тұрақтауы) кезiнде балаларды отырғызу және түсiру орындары, мүмкiндiгiнше, қарқынды қозғалысы бар жол учаскелерiнде орналаспауы тиiс. Аталған талапты орындау мүмкiн болмаған жағдайда балаларды автобусқа отырғызу және одан түсiру кезiнде авариялық сигнал беру iске қосылады.
17. Ерiп жүрушiлер қауiпсiздiк шараларын сақтау қажеттiгi, топтың артында қалып қоюына жол берiлмейтiндiгi және егер бала қалып қойған жағдайда iс-қимыл тәртiбi туралы балаларға ескерте отырып, әрбiр аялдаманың алдында тұрақтау уақытын хабарлайды.
18. Маршруттың соңғы пунктiне келгенде автобустар тұрақтау үшiн бөлiнген орындарға қойылады, ол жерден түсiру орнына бiр-бiрден келедi.
3. Қорытынды
19. Осы Балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау қағидаларымен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.