«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Б.Г. Копжасаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Исабаев
Әкімдіктің
2015 жылғы 13 қарашасында
№ 620 қаулысымен бекітілген
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін
пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі
№ |
Азаматтар санаты |
Жеңілдіктер мөлшері |
1 |
7 жасқа дейінгі балалар |
Тегін |
2 |
Қөп балалы отбасыларынаң оқушы-балалар |
Тегін |
3 |
Балалар үйлерінен оқушы-балалар |
Тегін |
4 |
Спорт ардагерлері |
Тегін |
5 |
Оқушылар |
Тегін |
6 |
Студенттер |
Тегін |
7 |
Зейнеткерлер |
Тегін |
* Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.