Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 22.05.2024 № 127 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5241 тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы Меңдіқара аудандағы бөлімі (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.".
3–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО – га құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Н. Өтеулина |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | В. Леонов |
КЕЛІСІЛДІ
"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ В. Гребенюк
2015 жылғы 21 желтоқсан
"Меңдіқара ауданының экономика
және бюджет жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Г. Айсенова
2015 жылғы 21 желтоқсан