Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жаңармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 172 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 5717 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 05.10.2015 № 262 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының  10- тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне қосу үшін ұсыну мерзімдері 2015 жылғы 13 шілдеден 17 шілдеге дейін айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ормановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 13 шілдеден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Науырзым
      ауданының әкімі                            Т. Даиров

Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте

Постановление акимата Наурзумского района Костанайской области от 26 июня 2015 года № 172. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 2 июля 2015 года № 5717. Утратило силу постановлением акимата Наурзумского района Костанайской области от 5 октября 2015 года № 262

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Наурзумского района Костанайской области от 05.10.2015 № 262 (вводится в действие со дня подписания).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 10 Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 4-3/177 акимат Наурзумского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить сроки предоставления заявки для включения в список сельхозтоваропроизводителей на получение субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте с 13 июля по 17 июля 2015 года.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Орманова К.К.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 13 июля 2015 года.

      Аким
      Наурзумского района                         Т. Даиров