"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу мақсатында Науырзым ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, | |
аудандық мәслихаттың хатшысы | З. Алдажұманова |
КЕЛІСІЛДІ
Науырзым ауданының әкімі
_______________ Т. Даиров
17 қыркүйек 2015 жыл
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 333 шешіміне қосымша |
Науырзым ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
№ р/р | Елді мекендердің атаулары | Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары |
1 | Буревестник ауылдық округі | Буревестник ауылындағы орталық алаң |
2 | Қарамеңді ауылдық округі | Қарамеңді ауылындағы Шақшақ Жәнібек көшесіндегі орталық алаң |
3 | Дәмді ауылдық округі | Дәмді ауылындағы Байтұрсынов көшесіндегі алаң |
4 | Раздольное ауылы | Раздольное ауылындағы Баймағамбетов көшесіндегі алаң |
5 | Қожа ауылы | Қожа ауылындағы Асанбаев көшесіндегі алаң |
6 | Шилі ауылы | Шилі ауылындағы Ленин көшесіндегі алаң |
7 | Шолақсай ауылы | Шолақсай ауылындағы Целинная көшесіндегі алаң |
8 | Өлеңді ауылы | Өлеңді ауылындағы Атамекен көшесіндегі алаң |