2016 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 286 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда № 6059 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № 132 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың мынадай тізбесі анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
      15) алынып тасталды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 28.12.2015 № 308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан адамдар;
      17) ұзақ уақыт (бір жыл және одан астам) жұмыс істемеген азаматтар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 24.12.2015 № 308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
       2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      Таран
      ауданының әкімі Б. Өтеулин

Об определении целевых групп населения в 2016 году

Постановление акимата Тарановского района Костанайской области от 18 ноября 2015 года № 286. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 14 декабря 2015 года № 6059. Утратило силу постановлением акимата Тарановского района Костанайской области от 15 апреля 2016 года № 132

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тарановского района Костанайской области от 15.04.2016 № 132 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 5, 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат Тарановского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующий перечень лиц, относящихся к целевым группам населения:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати девяти лет;
      3) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати девяти лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;
      14) лица, потерпевшие от акта терроризма, и лица, участвовавшие в его пресечении;
      15) исключен - постановлением акимата Тарановского района Костанайской области от 24.12.2015 № 308 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      16) лица, старше пятидесяти лет, зарегистрированные в уполномоченном органе по вопросам занятости в качестве безработного;
      17) длительно неработающие граждане (год и более).
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Тарановского района Костанайской области от 24.12.2015 № 308 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)
       2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2016 года.
      Аким
      Тарановского района Б. Утеулин