"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10–тармағына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 15 маусымнан 1 шілдеге дейін субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Қосымшаға сәйкес 2015 жылғы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Қ. Ахметов
Аудан әкімдігінің
2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 257 қаулысына қосымша
2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
Оңтайлы себу мерзімдері |
1 |
Жаздық бидай |
15 мамырдан 12 маусымға дейін |
2 |
Жаздық қатты бидай |
18 мамырдан 05 маусымға дейін |
3 |
Сұлы |
15 мамырдан 15 маусымға дейін |
4 |
Тары |
20 мамырдан 15 маусымға дейін |
5 |
Күздік қара бидай |
25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін |
6 |
Бұршақтұқымдас дақылдар |
15 мамырдан 10 маусымға дейін |
7 |
Күнбағыс |
10 мамырдан 05 маусымға дейін |
8 |
Рапс |
20 мамырдан 08 маусымға дейін |
9 |
Зығыр |
12 мамырдан 05 маусымға дейін |
10 |
Мақсары |
10 мамырдан 02 маусымға дейін |
11 |
Қыша |
22 мамырдан 08 маусымға дейін |
12 |
Арыш |
жаздық – 18 мамырдан 08 маусымға дейін, күздік 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін |
13 |
Қытай бұршақ |
18 мамырдан 05 маусымға дейін |
14 |
Картоп |
05 мамырдан 10 маусымға дейін |
15 |
Көкөністер |
25 сәуірден 15 маусымға дейін |
16 |
Бақша дақылдары |
25 сәуірден 10 маусымға дейін |
17 |
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер |
бірінші мерзім - 01 мамырдан 10 маусымға дейін |
18 |
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер |
бірінші мерзім – 01 мамырдан 10 маусымға дейін |
19 |
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс |
15 мамырдан 05 маусымға дейін |