Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.06.2017 № 179/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 20/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 27 ақпандағы "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
23) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"Жеке және заңды тұлғаларға "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі жолдарының жолақ бөлігінде (корнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру", "Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық байланыста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның тұпнұсқаларын беру" "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру", "Шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету;";
25), 26), 27) тармақша алып тасталсын;
келесідей мазмұндағыы 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39) тармақшалармен толықтырылсын:
"29) Павлодар облысының әкімімен анықталатын қолданыстағы заңнамаға сәйкес Павлодар облысы бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулері мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функциясын атқарады;
30) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
31) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу;
32) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
33) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту;
34) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
35) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
36) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
37) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту;
38) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту;
39) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту.".
2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен бекітілген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |