1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 184/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4635 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Приитрышья" газеттерінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін және әрекет етуі тоқтатылсын:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасының 44-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"
| 44 | 0302000 Медбике ісі: 0302033 Жалпы практикадағы медбике | 200 | 125 | |
";
1-қосымшаның 45-тармағының әрекет етуі 2016 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтата тұрылсын.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |