Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Нүкенов |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 157/2 қаулысымен бекітілді |
“Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі”
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республиксының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Карл Маркс көшесі, 1.
10. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел внутренней политики города Аксу”.
12. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы:1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын алға бастыруға бағытталған іс шараларды қала деңгейінде іске асыру;
2) Ақсу қаласында қоғамдық-саяси ахуалды, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін мемлекеттік саясаттың барлық аспектілері бойынша бақылау, талдау және болжау жүйелерін ұйымдастыру;
3) Ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның бірігуіне, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеуге қажетті жағдайлар жасау;
17. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты ішкі саяси үрдістерді мемлекеттік реттеуге, Ақсу қаласының мемлекеттік органдарымен ішкі саясат саласында әрекеттесуге, Ақсу қаласындағы қоғамдық-саяси ахуалды, саяси партиялардың және өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметін бақылауға, талдауға, болжауға және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.
18. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні ішкі саяси үрдістерді реттеуге, мемлекеттік органдармен ішкі саясат саласында әрекеттесуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
19. Міндеттері:
1) Ақсу қаласының мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрлістерді бұқарашылдандыруды және қоғамның бірігуін қамтамасыз ету бойынша әрекеттесу;
2) қоғамдық бірлестіктерді, саяси партияларды қолдау және өзара әрекеттесу;
3) мемлекеттік саясатты жүргізуге жағдай туғызуға, Ақсу қаласының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру бойынша қалалық бағдарламаларды өңдеуге және іске асыруға бағытталған жағдайларды тудыру бойынша шараларды әзірлеу;
4) Ақсу қаласында болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты бақылау, болжау және объективті зерттеу жүйелерін ұйымдастыру;
5) Ақсу қаласында ішкі саясат саласында басымдылықтарды әзірлеу;
6) Ақсу қаласында қоғамдық-саяси жағдай мониторингісі.
20. Функциялары:
1) “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Ақсу қаласы әкімдігі және қала әкімінің актілер жобаларын әзірлеу;
2) Ақсу қаласында ақпаратты тарату жүйесін, қоғамдық-саяси және экономикалық салада мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған Ақсу қаласы әкімдігінің жұмысына қатысу;
3) Ақсу қаласында 2050 жылға дейін Қазақстанның даму Стратегиясының, жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі артықшылықтарын түсіндіру және насихаттауды қамтамасыз ету;
4) қаланың жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын, аталған бағытта жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді ұйымдастыру;
5) Ақсу қаласының ішкі саяси өмірі мәселелері бойынша қала әкімдігінің мәжілістеріне материалдарды дайындауға қатысу;
6) ішкі саяси салада, этникааралық қарым-қатынас, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты анықтайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды дайындау мен іске асыруға қатысу;
7) мемлекеттің ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық (копьютерлік және мәтіндік) дерекқорды құру, жинау, жалпылау және бөлу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асуын қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;
9) Ақсу қаласында ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, саяси үрдістерді бұқарашылдандыруға бағытталған облысық және қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды дайындау мен өткізуге қатысу;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды насихаттау, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады;
11) “Ақсу қаасының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара әрекет жасайды;
12) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланысты орнату және үнемі дамыту;
13) тиісті мәліметтер банкілерін құрумен Ақсу қаласының бірыңғай электронды жүйесін ұйымдастыруға қатысу;
14) ведомствоға қарасты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;
15) Ақсу қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
16) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша консультативтік-кеңестік органдардың қызметін қамтамасыз етеді;
17) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қалалық деңгейде мемлекетті ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асуын қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;
19) Ақсу қаласы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауын бақылау;
20) қоғамдық бірлестіктермен келісімдерге, шарттарға отырып ынтымақтасуын және өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
21) Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодексінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
22) Ақсу қаласы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды (орналастыруды) бақылау;
23) “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқаруда Қазақстан Республикасы заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) қала бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі саясат саласында қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды Ақсу қаласы әкімінің қарауына енгізу, “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мәселелері бойынша ақпараттық-аналитикалық және басқа да материалдарды дайындау;
2) “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерді орындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте ақпаратты сұрау және алу;
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын, олардың басшыларымен келісіп, жұмысқа тартады;
4) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс шараларға қатысады;
5) Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарды, сотта өкілдік етеді;
6) өз құзыреті шеңберінде шарттарды, келісімдерді жасасады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асырады және басқа да міндеттерді орындайды.
3. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.23. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;
6) ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;
7) “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзерлеуді қамтамасыз етеді;
8) “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
9) өз құзыреті шеңберінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады.
“Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен қаланың жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.“Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.32. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншікте қалады.
6. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
33. “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйымдар бар:1) “Ақсу қаласы әкімдігінің ақпараттық орталығы“ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің “Жастар бастамасын дамыту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.