Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек нарығындағы жағдай мен қолда бар бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) елу жастан асқан адамдар;
3) бір жылдан аса жұмыс істемейтін адамдар;
4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
5) кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының Әкімі | А. Вербняк |