Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 25.08.2017 № 1035/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 356/4 қаулысымен бекітілген |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды және Екібастұз қаласындағы тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Масығұт Дүйсенбаев атындағы көше, 34.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции акимата города Экибастуза".
11. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй қорын басқару саласын мемлекеттік бақылау және Екібастұз қаласындағы тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
17. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Екібастұз қаласының аумағында тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша кондоминиум объектісін басқару органдарының қызметін, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережесінің сақталуын бақылау және Екібастұз қаласында тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
18. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Екібастұз қаласындағы тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясат, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады.
19. Міндеттері:
тұрғын үй қорын басқару саласында бақылауды жүзеге асыру:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландылатын шығындардың сметасын келісімдеу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
6) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
7) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерi өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу;
8) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды дайындау бойынша шығындарды бюджет қаражаты есебінен өтеу;
Екібастұз қаласындағы тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру:
1) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;
2) тұрғын үйлер (ғимараттар) мен үйішілік инженерлік желілер мен құрылғылардың қалыпты жағдайын және оны пайдалануға дайындығын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күзгі-қысқы мерзімде үй жанындағы аумақтарды тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз ету.
20. Функциялары:
"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өкілеттігіне қарай келесі:
1) кондоминиум объектісіндегі және кондоминиум объектісіне іргелес аумақта үй-жай (пәтер) иелерінің ортақ мүлікті қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына;
3) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстардың уақытында орындалуына;
4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
5) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне қатысты орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
Екібастұз қаласындағы тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында:
1) тұрғын үй қорына мониторингті жүзеге асыру;
2) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша ведомствоға қарасты аумақтарда іс-шаралар ұйымдастыруды, үй жанындағы аумақтарды тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру, оның күтіп-ұсталуын (қолданылуын, пайдаланылуын) бақылау;
4) тұрғын үй қорының күзгі-қысқы маусымдағы жұмыстарға дайындығы және жылыту маусымының өтуі жөнінде іс-шараларды өткізу;
5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне қатысты мәселелермен азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
6) кондоминиум объектісін басқарудың барлық нысандарын құруда консультациялық көмек көрсету, үй-жай (пәтер) меншік иелерінің жиналыстарына қатысу.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлкеттік мекемесі тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), кондоминиум объектісінің іргелес аумақтарын күтіп–ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрғын ғимаратарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.
21. Құқықтары мен міндеттері:
тұрғын үй қорын күтіп-ұстау қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру:
1) тексеру жүргізген уақытта тексерілетін объектіге барған кезде қызметтік куәлігін көрсету;
2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;
3) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы 43-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсынуға;
4) тексеруді Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңына сәйкес жүргізуге;
5) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
6) тексеру жүргізу қорытындысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау тәртібінің бұзылуы туралы актілер жасауға;
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті белгіленген нысандағы нұсқаманы шығарады;
Екібастұз қаласындағы тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде:
1) "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттар мен материалдарды кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден (келісім бойынша) сұрату және алу;
2) тұрғындармен жиналыстарда, жиындарда сенімхатсыз мемлекеттік тұрғын үй қорының мүдделерін ұсыну;
3) тұрғын ғимараттардың (үйлердің), жеке тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен, жалға алушылардан (жалдаушылардан), сонымен қатар кондоминиумдарды бірлесіп басқаратын органдардан (лауазымды тұлғалардан) танысу үшін үйішілік құрылым мен тұрғын ғимараттардың құқықбелгілейтін құжаттарын, объектілердің құрылғылары мен инженерлік желілері, құрылыс құрылымдарының жағдайы туралы мәліметтерді талап ету;
4) соттарда "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі функцияларымен байланысты істер жөнінде дербес және өкіл арқылы талап арыздар беруге және талапкер, жауап беруші, куәгер ретінде сөз сөйлеу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіктерін орындау үшін қаланың басқа да атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара әрекет етеді.
22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережесінің сақталуын бақылауды іске асыратын әр инспекторда қызметтік куәлік болады.
23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ережеде бекітілген өзінің қызметінің мәні мен мақсатына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға жол берілмейді.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) заңнамада белгіленген тәртіпте қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;
3) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында шаралар қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен төлемдер өткізу бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына қазынашылық органдармен тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
30. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
33. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.