"Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 125 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда № 4503 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 20.06.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "19" мамырдағы
№ 125 қаулысымен
бекітілді

"Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің аумағында жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің шешімдерімен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 77.

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района".

      11. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00 - 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      12. Мемлекет Ақтоғай ауданының әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі
әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауылдық округ әкімінің Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

      18. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

      19. Негізгі міндеттері:

      1) қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық пен қазақстандық отансүйгіштіктің конституциялық қағидаттарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      3) Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің нормашығармашылық қызметін қамтамасыз ету;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу.

      20. Функциялары:

      1) Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      2) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметтік құжаттардың қаралуын қамтамасыз етеді;

      5) мемлекеттік тілді барынша дамытуға бағытталған шараларды қабылдайды, оның халықаралық беделін нығайтады;

      6) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асырады;

      8) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ, автомобиль жолдарының пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етедi;

      9) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

      10) шаруа және (немесе) фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

      11) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

      12) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      13) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      14) табысы аз тұлғаларды анықтайды, мемлекеттік органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

      16) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      17) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      18) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      19) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      20) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

      21) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара әрекеттеседі;

      22) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      23) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар мен ұйымдарды есепке алуды жүргізеді, оларды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды;

      24) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

      26) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) аудан әкімдігінің, әкімінің және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарауына Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі дамуының негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдары, ұйымдары мен мекемелерімен өзара әрекеттеседі.

3. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Ақтоғай ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.

      23. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындалады және қызметінен босатылады.

      24. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің орынбасарлары жоқ.

      25. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:

      1) "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер, өкімдер қабылдайды және нұсқаулар береді;

      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      7) "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;

      10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;

      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

      27. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      28. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органның арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

4. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.

      30. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      31. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

"Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      35. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:

      1) Ақтоғай ауданы әкімдігінің, Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының "Ақ бота" балалар бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын;

      2) Ақтоғай ауданы әкімдігінің, Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының "Айгөлек балабақшасы" Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района"

Постановление акимата Актогайского района Павлодарской области от 19 мая 2015 года № 125. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 29 мая 2015 года № 4503. Утратило силу постановлением акимата Актогайского района Павлодарской области от 20 июня 2017 года № 145 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актогайского района Павлодарской области от 20.06.2017 № 145 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Актогайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" (далее – Положение).
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию Положения в органах юстиции.
      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района С. Батыргужинов

  Утверждено
постановлением акимата
Актогайского района
от 19 мая 2015 года № 125

Положение о государственном учреждении
"Аппарат акима Актогайского сельского
округа Актогайского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере местного государственного управления на территории Актогайского сельского округа Актогайского района.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" ведомств не имеет.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые решениями и распоряжениями акима Актогайского сельского округа Актогайского района.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района": Республика Казахстан, Павлодарская область, 140200, Актогайский район, село Актогай, улица Абая, 77.
      10. Полное наименование государственного учреждения - "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района".
      11. Режим работы государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.
      Режим работы государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" устанавливается в следующем порядке: с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов при пятидневной рабочей неделе, выходные дни: суббота - воскресенье.
      12. Учредителем государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" является государство в лице акимата Актогайского района.
      13. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района".
      14. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" осуществляется из местного бюджета.
      15. Государственному учреждению "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района".

2. Миссия, цель, предмет деятельности, основные задачи,
функции, права и обязанности государственного
учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского
округа Актогайского района"

      16. Миссия государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района": проведение государственной политики на территории Актогайского сельского округа Актогайского района.
      17. Целью государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" является обеспечение деятельности акима сельского округа по реализации государственной политики на территории Актогайского сельского округа Актогайского района.
      18. Предметом деятельности государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" является информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности акима Актогайского сельского округа Актогайского района.
      19. Основные задачи:
      1) содействие в реализации конституционных принципов общественного согласия, политической стабильности, казахстанского патриотизма;
      2) организация и обеспечение исполнения законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, иных нормативных правовых актов, постановлений акимата области и района, решений и распоряжений акима области и района;
      3) обеспечение нормотворческой деятельности акима Актогайского сельского округа Актогайского района;
      4) взаимодействие с органами местного самоуправления, общественными организациями и средствами массовой информации.
      20. Функции:
      1) осуществляет информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности акима Актогайского сельского округа Актогайского района;
      2) содействует исполнению гражданами и юридическими лицами норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;
      3) рассматривает обращения физических и юридических лиц, принимает меры по защите их прав и свобод;
      4) обеспечивает в установленном законодательством Республики Казахстан порядке рассмотрение служебных документов;
      5) принимает меры, направленные на всемерное развитие государственного языка, укрепляет его международный авторитет;
      6) содействует сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;
      7) осуществляет в пределах своей компетенции нотариальные действия, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      8) обеспечивает сохранение коммунального жилищного фонда, а также эксплуатацию и содержание автомобильных дорог;
      9) организует движение общественного транспорта;
      10) содействует организации крестьянских и (или) фермерских хозяйств, развитию предпринимательской деятельности;
      11) содействует развитию местной социальной инфраструктуры;
      12) организует работы по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке населенных пунктов;
      13) организует работу по сохранению исторического и культурного наследия;
      14) выявляет малообеспеченных лиц, вносит в государственные органы предложения по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, организует обслуживание одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому;
      15) обеспечивает трудоустройство лиц, состоящих на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции, и оказывает иную социально-правовую помощь;
      16) координирует оказание социально уязвимым слоям населения благотворительной помощи;
      17) организует общественные работы, молодежную практику и социальные рабочие места;
      18) ведет реестр непрофессиональных медиаторов;
      19) в пределах своей компетенции организует и обеспечивает исполнение законодательства Республики Казахстан по вопросам о воинской обязанности и воинской службы, мобилизационной подготовки и мобилизации, а также в сфере гражданской защиты;
      20) в случае необходимости оказания неотложной медицинской помощи организует доставку больных до ближайшей организации здравоохранения, оказывающей врачебную помощь;
      21) взаимодействует с органами местного самоуправления;
      22) осуществляет похозяйственный учет;
      23) ведет учет граждан и организаций, участвующих в профилактике правонарушений, определяет виды и порядок их поощрений;
      24) организует погребение безродных и общественные работы по содержанию в надлежащем состоянии кладбищ и иных мест захоронения;
      25) оказывает государственные услуги в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      26) осуществляет иные функции в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      21. Права и обязанности:
      1) вносить на рассмотрение акимата, акима района и в вышестоящие организации предложения по основным направлениям развития, оперативному решению проблем Актогайского сельского округа Актогайского района;
      2) в установленном законодательством порядке, запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов, органов местного самоуправления и иных организаций;
      3) оказывать государственные услуги в соответствии со стандартами и регламентами государственных услуг;
      4) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Для выполнения полномочий государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" взаимодействует с другими исполнительными органами, организациями и учреждениями района.

3. Организация деятельности государственного учреждения
"Аппарат акима Актогайского сельского округа
Актогайского района"

      22. Руководство государственным учреждением "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" осуществляется акимом Актогайского сельского округа, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" задач и осуществление им своих функций.
      23. Аким Актогайского сельского округа Актогайского района назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      24. Аким Актогайского сельского округа Актогайского района заместителей не имеет.
      25. Полномочия акима Актогайского сельского округа Актогайского района:
      1) представляет на утверждение акимата района Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района"
      2) назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      3) принимает решения, распоряжения и дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района";
      4) осуществляет личный прием физических лиц и представителей юридических лиц;
      5) утверждает должностные инструкции работников;
      6) осуществляет в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, поощрение работников государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района", оказание материальной помощи, наложение на них дисциплинарных взысканий;
      7) утверждает перспективные и текущие планы работы государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района";
      8) представляет государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" во всех государственных органах и иных организациях, независимо от форм собственности, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      9) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      10) заключает договоры, соглашения в пределах своей компетенции;
      11) в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан рассматривает дела об административных правонарушениях и налагает административные взыскания за административные правонарушения, совершенные на территории Актогайского сельского округа Актогайского района;
      12) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий акима Актогайского сельского округа Актогайского района в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      26. Взаимоотношения между государственным учреждением "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" и трудовым коллективом определяются в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан и коллективным договором.
      27. Взаимоотношения между государственным учреждением "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (исполнительным органом акимата района) регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.
      28. Взаимоотношения между государственным учреждением "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" и уполномоченным органом соответствующей отрасли регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного учреждения
"Аппарат акима Актогайского сельского округа
Актогайского района"

      29. Государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      30. Имущество государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      31. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района", относится к коммунальной собственности района.
      32. Государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение (ликвидация)
государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского
сельского округа Актогайского района"

      33. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      34. При ликвидации государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского сельского округа Актогайского района" имущество, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, остается в районной коммунальной собственности.

Перечень организаций, находящихся в ведении
государственного учреждения "Аппарат акима
Актогайского сельского округа Актогайского района"

      35. Государственное учреждение имеет следующие организации, находящиеся в ведении:
      1) Государственное казенное коммунальное предприятие "Детский сад "Ак бота" аппарата акима Актогайского сельского округа Актогайского района, акимата Актогайского района;
      2) Государственное казенное коммунальное предприятие "Детский сад "Айголек" аппарата акима Актогайского сельского округа Актогайского района, акимата Актогайского района.