Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 20.06.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |
Ақтоғай аудан әкімдігінің 2015 жылғы "2" маусымдағы № 157 қаулысымен бекітілді |
"Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және
қала құрылысы бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мемлекет Ақтоғай ауданы әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
9. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
"Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00 - 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
10. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
11. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97.
12. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, коммунальное государственное учреждение "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Актогайского района".
13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің
мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтоғай ауданының аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
17. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты Ақтоғай ауданында құрылысты дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу және құрылыс , сәулет және қала құрылысы саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
18. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні құрылыс саласындағы басқарма саясатты аудан деңгейінде жүзеге асыру болып табылады.
19. Негізгі міндеттері:
1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) аудан елді мекендерінің әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымының қалыптастыруын қамтамасыз ету;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
20. Функциялары:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiреді;
2) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдердің жобаларын дайындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілейді және тағайындайды, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркейді және есебін жүргізеді;
4) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және негізінде ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
5) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын әзірлейді, бекітуге ұсынады және жүзеге асырады;
6) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді;
7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдердің жобаларын әзірлейді;
8) жолдар, су құбырлары, тазалау құрылыстары, жылу және электр желілері және ауданның басқа да құрылыс инфрақұрылымы объектілерін салу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарын қарауды қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік тілді барынша дамытуға бағытталған шараларды қабылдайды;
12) Ақтоғай ауданы аумағындағы жылжымайтын мүліктің тіркеу адрестерін анықтау туралы анықтамалар береді;
13) құрылыс нысандарының сәулет-жоспарларына тапсырмаларды береді;
14) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;
15) ауданның елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскелерін береді;
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруға құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
3) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
5) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызмет субъектілері жіберген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың бұзушылықтарын жоюға бағытталған ықпал ету шараларын қолданады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
22. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
23. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
24. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары жоқ.
25. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
7) "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;
10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым - қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
27. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
28. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
4. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала
құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
29. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.
30. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
31. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала
құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемені
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
33. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
34. "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.