1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерді қоспағанда, дене шыңықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін;
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жіберілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Шарипов |
Аудан әкімінің 2015 жылғы "22" шілдедегі № 215/6 қаулысымен бекітілді |
Ертіс ауданы бойынша Мүгедекетерді қоспағанда
дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе
жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
№ | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
1. | 7 жасқа дейінгі балалар | тегін |
2. | Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар | тегін |
3. | Балалар үйінен оқушы-балалар | тегін |
4. | Спорт ардагерлері | тегін |
5. | Оқушылар | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |
6. | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |
7. | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |