"Ертіс аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 236-42-5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда № 4849 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 ақпандағы N 248-45-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 02.02.2016 N 248-45-5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 327 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелген) сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ертіс аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ертіс аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат жетекшісіне жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс сессияның төрағасы Ж. Беспаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Беспаев

  Ертіс аудандық мәслихатының
(V сайланған, XLII кезектен
тыс сессиясы) 2015 жылғы
9 желтоқсандағы № 236-42-5
шешімімен
бекітілген

"Ертіс аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ертіс аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және "Ертіс аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. "Ертіс аудандық мәслихат аппараты" ММ қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауынан;
      2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауынан) құралады.
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып "Ертіс аудандық мәслихат аппараты" ММ аппарат жетекшісі табылады.
      Комиссия хатшысы "Ертіс аудандық мәслихат аппараты" ММ персоналды басқару бөлімінің қызметшісі (бұдан әрі- кадр қызметі) болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Кадр қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын кадр қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын кадр қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметі және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадр қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде кадрлық қызметіне жіберіледі.
      16. Кадр қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Кадр қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шәкіл бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
      22-дан 33 баллға дейін – "қанағаттанарлық",
      33 баллдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Кадр қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      22. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) кадрлық қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      23. Кадр қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      24. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадрлық қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      25. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      27. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  Ертіс аудандық мәслихат
аппараты "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің қызметіне жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      

  нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): _______________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
 
 

      Таныстым:
      Қызметші                              Тікелей басшы
      (Т.А.Ә.(бар болған жағдайда):            (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда):
      _________________________            _________________________
      күні _____________________            күні _____________________
      қолы ____________________            қолы _____________________

  Ертіс аудандық мәслихат
аппараты "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің қызметіне жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      

  нысан

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға (балл)
Бағынышты адам
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
 

  Ертіс аудандық мәслихат
аппараты "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің қызметіне жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      

  нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ______________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

№ р/н
Қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1
 
 
 
 

 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
      _________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _____________________________ Күні: ____________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы: ______________________________ Күні: ____________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі: ________________________________ Күні: ____________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
                  ____________________________________ Күні: _____________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      __________________________________ Күні: _____________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Иртышского районного маслихата"

Решение маслихата Иртышского района Павлодарской области от 9 декабря 2015 года № 236-42-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 22 декабря 2015 года № 4849. Утратило силу решением маслихата Иртышского района Павлодарской области от 2 февраля 2016 года N 248-45-5

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Иртышского района Павлодарской области от 02.02.2016 N 248-45-5.
      В соответствии с подпунктом 7) пункта 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 16 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10130), Иртышский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Иртышского районного маслихата".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата государственного учреждения "Аппарат Иртышского районного маслихата".
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель внеочередной сессии Ж. Беспаев
      Секретарь районного маслихата Ж. Беспаев

  Утверждена
решением Иртышского
районного маслихата
(XLII внеочередная сессия,
V созыв) от 9 декабря 2015 года
№ 236-42-5

Методика ежегодной оценки деятельности
административных государственных служащих корпуса "Б"
государственного учреждения "Аппарат Иртышского районного маслихата"

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Иртышского районного маслихата" (далее - Методика) разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Иртышского районного маслихата (далее-служащие) государственного учреждения (далее - ГУ) "Аппарат Иртышского районного маслихата".
      2. Ежегодная оценка деятельности (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества работы служащих ГУ "Аппарат Иртышского районного маслихата".
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата ГУ "Аппарат Иртышского районного маслихата".
      Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом ГУ "Аппарат Иртышского районного маслихата" (далее – кадровая служба). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Кадровая служба формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Кадровая служба уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в подпунктах 1) и 2) пункта 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от кадровой службы, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в кадровую службу в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае кадровой службой и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяет кадровая служба не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в кадровую службу в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Кадровая служба осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется кадровой службой не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно",
      от 22 до 33 баллов – "удовлетворительно",
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Кадровая служба обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Кадровая служба предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностную инструкцию служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      22. В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при
      2) этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      3) при допущении ошибки кадровой службой при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      23. Кадровая служба ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае кадровой службой в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      24. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в кадровой службе.

7. Обжалование результатов оценки

      25. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      26. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      27. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

  Приложение 1
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" ГУ "Аппарат
Иртышского районного
маслихата"

      

  форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ___________________________
      Должность оцениваемого служащего: ________________________________________


п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 8
 
3.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
4.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 

      Ознакомлен(а):
      Служащий                              Непосредственный руководитель
      (Ф.И.О.) (при его наличии)                  (Ф.И.О.) (при его наличии)
      _______________________                  _______________________
      дата ___________________                  дата ___________________
      подпись_________________            подпись ________________
      

  Приложение 2
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" ГУ
"Аппарат Иртышского
районного маслихата"

      

  форма

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ____________________________
      Должность оцениваемого служащего: _________________________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
3.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
 

  Приложение 3
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" ГУ "Аппарат
Иртышского районного
маслихата"

      

  форма

Протокол заседания Комиссии по оценке___________________________________________

      (наименование государственного органа)

№ п/п
Ф.И.О. служащего (при его наличии)
Оценка непосредственного руководителя
Круговая оценка
Итоговая оценка
1
 
 
 
 

 
 
 
 

      Заключение Комиссии:
      __________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии: ____________________________________ Дата: _____________
      (Ф.И.О (при его наличии), подпись)
      Председатель Комиссии: _________________________________ Дата: ______________
      (Ф.И.О (при его наличии), подпись)
      Член Комиссии: ________________________________________ Дата: ______________
      (Ф.И.О (при его наличии), подпись)
      ___________________________________________ Дата: ______________
      (Ф.И.О (при его наличии), подпись)
      ___________________________________________ Дата: ______________
      (Ф.И.О (при его наличии), подпись)