Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 04.07.2017 № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Жанғазинов |
Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "6" мамырдағы № 100/5 қаулысымен бекітілді |
"Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің
аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының шешімдерімен, өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140705, Лебяжі ауданы, Малыбай ауылы, Мир көшесі, 13.
10. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат акима Малыбайского сельского округа Лебяжинского района".
12. Мемлекет Лебяжі ауданының әкімдігі тұлғасында "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі
әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округінің аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
17. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауылдық округ әкімінің ведомстволық қарамағындағы аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
18. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
19. Міндеттері:
1) ауылдық округ әкімінің нормашығармашылық қызметін қамтамасыз ету;
2) ауылдық округ әкімінің шешімдерін және өкімдерін қабылдау, оларды тиісті ұйымдар мен азаматтарға уақытылы жеткізу;
3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) ауылдық округ әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштерін қарастыру, келіп түскен құжаттарды талдау, мемлекеттік және басқа тілдердің қызметін қамтамасыз ету, азаматтар қабылдауын ұйымдастыру;
5) ауылдық округ әкімінің қатысуымен өтетін отырыстарды, мәжілістерді, семинарларды өткізуді қамтамасыз ету.
20. Функциялары:
1) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қабылдауын ұйымдастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінің, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерiнің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын дамытуға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) нотариалдық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
14) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
15) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
16) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
17) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
18) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
19) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
20) ауылдық денсаулық сақтау ұйымын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
21) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
22) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
23) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
26) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
27) мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
29) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
30) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
31) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
32) учаскелік полиция инспекторларының ерікті көмекшілерінің жұмысын ұйымдастырады;
33) елді мекеннің жерлерінде мал жайылымы орындарын белгілейді;
34) елді мекендер аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда әкімнің, "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғауға;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды лауазымды тұлғалардан сұратып алуға;
3) Қазақстан Республикасының Президентi, Yкіметі және орталық органдары, облыс, аудан әкімшіліктерінің, әкімдерінің актілерi мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға.
5) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;
6) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
7) өз құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық
округі әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелеген міндеттерді орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Лебяжі ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
"Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының лауазымы сайланбалы болып табылады.
24. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
3) "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;
4) "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;
6) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бақару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
7) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді;
10) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемені ұсынады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
25. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі
әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
"Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі
әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.
"Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық
округі әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
33. "Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйым бар:
1) "Лебяжі ауданы әкімдігінің, Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратының "Гүлдәурен" балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
2) "Лебяжі ауданы әкімдігінің, Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратының Қазы ауылының "Жауқазын" балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.