Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі “Ветеринария туралы” Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Май аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік бас инспекторының ұсынымы негізінде, Май селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Май ауданының Май селолық округінде ірі-қара мал бруцеллезінің анықталуына байланысты, шектеу шараларымен бірге ветеринарлық режим тағайындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі | Қ. Оразаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Ауыл шаруашылық министрлігінің | |
ветеринарлық бақылау және қадағалау | |
Комитетінің Май аудандық аумақтық | |
инспекциясының басшысының | |
міндетін атқарушы | Н. Карманов |
"14" тамыз 2015 жыл |