Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 27.12.2019 № 256/54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдары мамандарына отын сатып алу бойынша 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Ви |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Бечелова |