Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2–тармағына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын келесі тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар (еңбек өтілі жоқ);
2) отбасында бірде-біреуі жұмыс істемейтін жұмыссыз тұлғалар;
3) 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
4) он екі ай және одан артық жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ыбыраев |