Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 25.02.2016 № 1/61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 2/272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 18 мамырда № 1164 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесіндегі:
9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Алматы қаласы әкімінің аппаратында аппарат басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда сол мемлекеттік органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.
Алматы қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкері, сәйкесінше жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкері комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 3 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды».
2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі Б. Байбек