Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 11.04.2019 № 01 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Елбасының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 Жарлығына сәйкес Алматы қаласы аумағына елді-мекендердің қосылуына байланысты және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабы 1, 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" № 01 шешіміне (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 26 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №1030 болып тіркелен, "Алматы ақшамы" газетінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 49-51 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі № 49-50 санында жарияланған) қосымшаға сәйкес толықтыру енгізілсін.
2. Нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркеуден өткізсін.
3. Осы шешімді интернет-ресурсына орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Қ. Қарсақбаеваға жүктелсін.
5. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | В. Устюгов |
Түрксіб ауданы әкімінің 2015 жылдың 26 ақпанындағы № 02 шешіміне қосымша |
№ 521 сайлау учаскесі
(041600, Орталығы: "№ 195 жалпы білім беретін
мектеп", Коммуналдық мемлекеттік мекеме,
Әлмерек ықшам ауданы, Наурызбай батыр көшесі,
64/2, телефоны: 2327700)
Закарпат көшесімен батысқа қарай аудан шекарасына дейін,аудан шекарасымен солтүстікке қарай Бейбітшілік көшесіне дейін, Бейбітшілік көшесімен солтүстікке қарай сүт-тауар фермасына дейін, сүт-тауар фермасынан оңтүстік-шығысқа егістікке дейін (Астана көшесі), Астана көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай Қызылорда көшесімен қиылысқанға дейін, Қызылорда көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай 1-Новая көшесіне дейін, 1-Новая көшесімен оңтүстікке қарай Закарпат көшесіне дейін.
№ 522 сайлау учаскесі
(041600, Орталығы № 13 қалалық емхананың филиалының
фелшерлік пүнкті, Қайрат ықшам ауданы,
Тәттімбет көшесі, 239/1, телефоны: 3850776)
Рысқұлов даңғылынан шығысқа қарай Құлжа тас жолына дейін, Құлжа тас жолымен солтүстік-шығысқа қарай Тәттімбет көшесіне дейін, Тәттімбет көшесімен солтүстік-батысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін, Кіші Алматы өзенімен оңтүстік-батысқа қарай Рысқұлов даңғылына дейін.
№ 523 сайлау учаскесі
(050039, Орталығы: "№ 44 мектеп-гимназия",
Коммуналдық мемлекеттік мекеме, Огарев көшесі,
6 үй, телефоны: 2574049)
Кіші Алматы өзенінің шығыс жағалуынан солтүстік-шығысқа қарай Талғар ауданының шекарасына дейін (Набережный көшесінен Полевой көшесіне дейін) Құлжа тас жолына дейін, Құлжа тас жолымен солтүстік -батысқа қарай Бұқтырма көшесінен дейін, Бұқтырма көшесімен солтүстік -шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін.