Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 12.05.2020 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабы 18) тармақшасына сәйкес, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші – Петропавл қаласындағы "Қазақстан" кинотеатрына жасалған 2013 жылғы 04 қыркүйектегі тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 66 мекенжайында орналасқан 1978 жылы салынған "Қазақстан" кинотеатры жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылып тасталсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 358 қаулысына (2011 жылғы 29 қаңтар "Северный Казахстан" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1766 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінің 41-жолы алып тасталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е.Сұлтанов |