2015 жылға Петропавл қаласы аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу және нысаналы топтарды анықтау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 319 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда N 3166 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы N 451 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 29.02.2016 N 451 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға Петропавл қаласы аумағында тұратын нысаналы топтар анықталсын:
      1) аз қамтамасыз етілгендер;
      2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік алдындағы жастағы адамдар (жасына байланысты зейнетке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған тұлғалар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан тұлғалар.
      2. 2015 жылға Петропавл қаласы аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарды қоса;
      3) елу жастан асқан тұлғалар;
      4) уақытша және маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі өткен тұлғалар;
      5) бірде-бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасылардан шыққан тұлғалар;
      6) жұмыс қөлемінің қысқартылуымен кәсіпорындардан (ұйымдардан) жұмыстан босатылған тұлғалар.
      3. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын нысаналы және қосымша тізбеге енгізілген тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды уақытылы қамтамасыз етсін.
      4. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Петропавл қаласының әкімі М. Тасмағанбетов

Об определении целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территорий города Петропавловска, на 2015 год

Постановление акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 16 февраля 2015 года № 319. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 17 марта 2015 года № 3166. Утратило силу постановлением акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 29 февраля 2016 года N 451

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 29.02.2016 N 451 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с пунктом 2 статьи 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города Петропавловска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить целевые группы проживающих на территорий города Петропавловска на 2015 год:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;
      14) лица, потерпевшие от акта терроризма, и лица, участвовавшие в его пресечении.
      2. Установить дополнительный перечень лиц, проживающих на территории города Петропавловск, относящихся к целевым группам населения на 2015 год:
      1) лица, длительно не работающие (более года);
      2) молодежь в возрасте от двадцати одного до двадцати девяти лет включительно;
      3) лица старше пятидесяти лет;
      4) лица, у которых истек срок трудового договора в связи с завершением временных и сезонных работ;
      5) лица из семей, где нет ни одного работающего;
      6) лица высвобожденные с предприятий (организаций) ввиду сокращения объема работ.
      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска" своевременно обеспечивать меры по содействию занятости и социальной защите лиц, отнесенных к целевым и дополнительному перечню лиц, отнесенных к целевым группам.
      4. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима города, курирующего данную сферу.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
 

      Аким
города Петропавловска

М. Тасмаганбетов