Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңың 7 бабының 5-2), 5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңың 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аққайың ауданы бойынша жұмыс орындарына:
1) жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін;
2) жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен бірге қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған тұлғалар үшін;
3) жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары С.Ө. Мұқановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі |
Д. Байтөлешов |