1. "Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 3121 тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда № 12 (466) "Есіл таңы" газетінде, 2015 жылғы 13 наурызда № 12 (8752) "Ишим" газетінде жарияланған) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі |
М.Әбішев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 375 қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшері
Кестенің жалғасыКестенің жалғасы