Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 03.08.2017 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабы 1-тармағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабы 7),8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабы 6-тармағы 2) тармақшасына, "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының басқару сызбасын бекіту жөнінде" Жамбыл аудандық мәслихаттың 2015 жылдың 21 қаңтарындағы № 35/2 шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 09.02.2017 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының тіркеу органында мемлекеттік қайта тіркеуді жүргізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | И. Турков |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереженің күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 09.02.2017 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығын реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 150600, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Дружба көшесі, 6.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Жамбылского района Северо Казахстанской области".
11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекетік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы агроөнеркәсіптік кешен салаларының экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейге жетуге жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешен, аграрлық ғылымды дамыту саласында мемлекеттің аграрлық саясатын іске асырудан тұрады.
15. Міндеттері:
агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, олардың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;
өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемін және сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
қайта өңдеу өндірісінің тұрақты дамуын және қолдау көрсетуін қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіпт кешенінің жеделдетілген ғылыми және технологиялық дамуын қамтамасыз ету.
16. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды малы бар туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
аудан аумағында асыл тұқымды малдарға мемлекеттік тіркелімді жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында бекітілген нысан бойынша асыл тұқымды малы бар субъектілерден, жеке және заңды тұлғалардан есеп қабылдайды;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша сұрыптау туралы деректерді қабылдайды, қорытады және мүдделі адамдарды хабардар етеді;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлік орталық, асыл тұқымды репродуктор және ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктерді есепке алуды жүргізеді;
агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламаларын, ауыл шаруашылығын дамытудың орташа мерзімді жоспарларын әзірлейді және аудан аумағында іске асырылуын қамтамасыз етеді;
агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
агроөнеркәсіптік кешені саласындағы шұғыл ақпарат жинауды жүзеге асырады;
облыстық бюджеттен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, гербицидтерді, минералды тыңайтқыштарды, тұқым шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға барлық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмысты үйлестіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру".
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
20. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына жауапкершілік тартады;
аудан әкіміне бөлімнің штат кестесін бекітуге ұсынады;
құзыреті шегінде аудан әкімдігіне және аудан әкіміне нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын және басқа құжаттарды қарауға ұсынады;
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және жұмыстан босатады;
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орынбасар, сектор меңгерушілері және басқа қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын шығарады, сондай-ақ "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін тапсырма береді;
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақталуын қамтамасыз етеді;
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ер азаматтардың және әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
22. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі
27. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің регламентімен белгіленеді.