Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 16.06.2017 № 159 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңның 28-бабының 4, 6-тармақтарына, 27-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында ауылдық округтер және Булаев қаласының әкімдеріне барлық кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласындағы мәдениет үйі ғимаратына іргелес аумақтағы стенд: Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі № 45 үй мекенжайы бойынша белгіленсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында ауылдық округтер және Булаев қаласының әкімдеріне барлық кандидаттар үшін таңдаушылармен кездесу өткізу үшін келісім шарт негізінде үй-жай ретінде: Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы Буденный көшесі 14 үй мекенжайы бойынша орналасқан № 2 Булаев орта мектебінің мәжіліс залы ұсынылсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 232 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 16 шілдедегі № 2854 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдедегі аудандық "Мағжан жұлдызы" № 29 газетінде, 2014 жылғы 18 шілдедегі аудандық "Вести" № 29 газетінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Е. Әубәкіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 30 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға таралады.