Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы N 324 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қарашада N 3482 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 162 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 14.04.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсанда 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
      2. Мынадай тәртіп ақындалсын:
      1) үйде оқытылатын кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі;
      2) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзімі аяқталғанына дейін өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
      3) шығындарды өндіріп алу қаржыландыруға сәйкес ағымдағы тоқсан үшін жүргізіледі. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      3. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 275 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 маусымдағы № 3272 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Тайынша таңы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 26 маусымда "Тайыншинские вести" аудандық газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының
XLІI-ші сессисының төрағасы
А. Рафальский
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 4 ноября 2015 года N 324. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 30 ноября 2015 года N 3482. Утратило силу решшением маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 14 апреля 2022 года № 162

      Сноска. Утратило силу решшением маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 14.04.2022 № 162 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", маслихат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:
      1. Определить возмещение затрат на обучение на дому (далее - возмещение затрат на обучение) детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее - дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану в размере 6,5 месячных расчетных показателей в квартал.
      2. Определить следующий порядок:
      1) возмещение затрат на обучение детей с ограниченными возможностями (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении и детей-инвалидов, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, независимо от дохода семьи;
      2) возмещение затрат на обучение детей с ограниченными возможностями назначается с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении межведомственной психолого-медико-педагогической консультации;
      3) возмещение затрат производится за текущий квартал согласно финансирования. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком-инвалидом восемнадцати лет, смерть ребенка-инвалида, снятие инвалидности, в период обучения ребенка-инвалида в доме интернате или санаторной школе), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.
      3. Признать утратившим силу решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 21 мая 2015 года № 275 "Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (Зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 16 июня 2015 года под № 3272, опубликовано 26 июня 2015 года в районной газете "Тайынша таңы", 26 июня 2015 года в районной газете "Тайыншинские вести").
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
XLII сессии маслихата
Тайыншинского района
Северо-Казахстанской области
А. Рафальский
      Секретарь маслихата
Тайыншинского района
Северо-Казахстанской области
К. Шарипов