2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1- бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2015 жылғы 05 мамырдағы № 16-11/74-1 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімінің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі |
М.Дүйсенов |