"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Занының 8 - бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 65-тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V шақырылған ХХХVІ сессия төрағасы |
Т. Оспанов |
Уәлиханов аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. Кәдіров |
Уәлиханов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 10-36 с шешімімен бекітілген |
"Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Жалпы ережелер
1. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі Уәлиханов аудандық мәслихатының қызметін және аудандық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Уәлиханов аудандық мәслихаты хатшысының өкімдерімен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
8. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 151200, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 85.
10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы: государственное учреждение "Аппарат Уалихановского районного маслихата".
11. Осы Ереже "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжатты болып табылады.
12. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. Жұмыс тәртібі: "Уәлиханоа аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесіне бес күндік жұмыс аптасы орнатылады, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды, күніне - 8 сағат (9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00- ден 14.00-ге дейін).
2. Мемлекеттік органның миссиясы, қызметінің нысанасы, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Уәлиханов аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.16. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінің нысанасы: мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
17. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мақсаты: "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген құзыреті шегінде Уәлиханов ауданы аумағында оны дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.
18. Негізгі міндеттері:
1) аудандық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;
2) аудандық мәслихатымен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
3) аудандық мәслихат депутаттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
4) тұрғындарды аудандық мәслихат қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;
7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.
19. Функциялары:
1) аудандық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсету;
2) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік-құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдері жобаларының орындалуын бақылау, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу;
3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды тағайындау, іс-сапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;
5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, аудандық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызмет қортындысы бойынша анықтамалар дайындау.
20. Құқықтары мен міндеттері:
1) Уәлиханов аудандық мәслихатының Регламентін өз құзыреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ету;
2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
4) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық саулдар жолдау;
5) аудандық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
6) аудандық мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
21. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Уәлиханов аудандық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады, ол "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы.22. Уәлиханов аудандық мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
23. Мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
24. Уәлиханов аудандық мәслихатының хатшысының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкілеттік етеді;
11) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
12) бекітілген заң тәртібімен өз құзыреті шеңберінде аппарат қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Уәлиханов аудандық мәслихатының шешімі бойынша өзге де функцияларды атқарады.
Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
25. Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Уәлиханов аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
26. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.27. "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Уәлиханов аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.