"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 56 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2887 тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
орыс тіліндегі мәтінде 4-тармақтағы "завление" деген сөз "заявление" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілде мәтін өзгертілмейді;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 5-тармақтың 3) тармақшасындағы бірінші абзацта "коммиссиядан" деген сөз "комиссиядан" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |