Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 25.09.2015 № 299 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 282 "Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3014 тіркелген, 2014 жылғы 25 қазандағы "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5–тармағындағы орыс тілі мәтінінде "дительность" деген сөз "длительность" деген сөзбен ауыстырылсын.
2.
Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 300 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3022 тіркелген, 2014 жылғы 4 қарашасындағы "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармағындағы орыс тілі мәтінінде "преме" деген сөз "приеме" деген сөзбен ауыстырылсын.
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 11.09.2015 № 286 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
4.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Б. Ізмұхамбетов |