"Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 87 қаулысы. Атырау облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 3192 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 306 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 27.12.2016 № 306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
       Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 87 қаулысына 1-қосымша

Облыс әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері туралы" қаулысы;
      2. Облыс әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы № 138 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы;
      3. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 237 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      4. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 521 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы;
      5. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 305 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы;
      6. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы;
      7. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 362 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      8. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 372 "Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу және мемлекеттік лицензия бланкілері мен мемлекеттік лицензияға қосымшаларды беру туралы" қаулысы;
      9. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 402 "Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу және мемлекеттік лицензия бланкілері мен мемлекеттік лицензияға қосымшаларды беру туралы" қаулысы;
      10. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 15 ақпандағы № 21 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және мемлекеттік лицензия бланкілері мен мемлекеттік лицензияға қосымшаларды беру туралы" қаулысы;
      11. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 2 маусымдағы № 202 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      12. Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 64 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      13. Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 175 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы.

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 87 қаулысына 2-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 87 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысының аумағында сәулет-қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, 060010.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: өңірдің сәулет-қала құрылысы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамып келе жатқан облыс аумағы мен елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.
      15. Міндеттері:
      1) облыс аумағында мемлекеттік сәулет-қала құрылысы саясатын жүргізу;
      2) облыстың әкімшілік бірлігі аумағын қала құрылыстық игеру кезінде сәулет-қала құрылысы қызметі туралы заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және өзге де жобалау құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
      3) бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылу нормаларының, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
      4) облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобаларын келісу;
      5) облыстық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттіктер шегінде сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы өзге міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) қала құрылысы кадастрының, жер бөліп беру және құрылыстың кезекші-оралымды жоспарларының, жер асты коммуникациялары мен инженерлік-геологиялық тұжырымдар атластарының орналасуын тіркеу жоспарларының толықтырылуын қамтамасыз ету;
      2) сәулет және қала құрылысы органдары қызметін жақсарту және нормативтік-әдістемелік базаны жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау;
      3) белгіленген тәртіппен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы тұрғын үй-азаматтық құрылысының аяқталған объектілерін қабылдауға қатысу;
      4) Басқарма қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету;
      5) азаматтардың, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен бөлімдердің Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша арыздарын, шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
      6) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;
      7) әкімдік жанындағы қала құрылысы кеңестері мен комиссияларының жұмысы мен қызметін ұйымдастыру;
      8) аумақтарда қала құрылыстық жобалаудың (облысты немесе оның бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді сызбасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      9) сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      10) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына әзірлеу;
      11) облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге ұсыну;
      12) ведомстволық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      13) құрылыс салудың аумақтық ережесін әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
      14) құрылыс салудың аумақтық ережесін ұйымдастыру және облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      15) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекараларын белгілеу немесе өзгерту жөнінде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар әзірлеуді және тапсыруды ұйымдастыру;
      16) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарларының жобаларына келісім беру;
      17) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      18) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) әзірлеуді ұйымдастыру және іске асыру;
      19) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;
      20) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ережені әзірлеуді және әкімдікпен бекітуді ұйымдастырады;
      21) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
      22) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және мәліметтер беру;
      23) Қазақстан Республикасының өндіріс күштерін орналастыру сызбасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлау сызбасын, облыс орталығының, әкімшілік аудандарды салудың бас жоспарларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қаланы салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихаттың бекітуі бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      24) Басқармада гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;
      25) ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғалардың мүлкiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      26) сәулет және қала құрылысы саласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді басқаруды жүзеге асырады;
      27) жарғылық капиталында мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтары өзіне берілген жағдайларда мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң тиiстi байқау кеңесiнiң құрамына өз өкiлiн тағайындайды, ал мемлекет қатысатын өзге де жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде байқау кеңестерiне кандидатураны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына бекiтуге ұсынады;
      28) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi жергілікті уәкілетті органның өкілін мемлекет қатысатын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiнiң құрамына енгiзу үшiн қажеттi шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;
      29) мәлiметтердi, оның iшiнде, өзiнiң басқаруындағы мемлекеттiк заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттiң қатысушы ретiнде басқаруға қатысу құқығын өзi жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тiзбесiн бұл мәлiметтердi мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнде көрсету үшiн дайындау;
      30) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен белгіленген және облыс әкімдігі жүктеген өзге де функциялардың орындалуын жүзеге асырады.
      17. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
      1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы, елді мекендер мен қалалар құрылысы ережелері, бекітілген қала құрылысы құжаттамасы, құрылыс нормалары мен ережелері бұзылып орындалған құрылысқа арналған жобалау құжаттамасына келісім бермеу;
      2) бекітілген қала құрылысы жобаларына (аудандық жайғастырудың, қала маңы аймағының жобасына, қаланың бас жоспарына, елді мекендер бөліктерін егжей-тегжейлі жайғастыру және олардың құрылысы жобалары мен басқа да жобаларға) қайшы келетін құрылыс объектілерін алдын ала орналастыру және жер учаскелерін бөлу жөніндегі ұсыныстарға келісім бермеу;
      3) білікті мамандарды қала құрылысы құжаттамасы жобаларының сараптамасына қатысуға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың қала құрылысы саясаты жөніндегі ұсыныстары мен ұсынымдарын дайындауға тарту;
      4) шетелдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыреті шегінде жәрдем көрсету;
      5) тиісті кәсіпорындар мен Атырау қаласының, аудандар әкімдері аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;
      6) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде ішкі қаржылық бақылауды жүргізу;
      7) белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа атқарушы органдармен, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдармен, мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;
      8) жергілікті уәкілетті органға мемлекеттiк мүлiк жөнiнде шаруашылық жүргізу құқығында ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарды (КМК) құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстарды енгізу;
      9) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Басқарманың қызметіне басшылық етеді және оған жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      2) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
      3) Басқарманың атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Басқарма жөніндегі актілерге қол қояды;
      7) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      8) Басқармаға тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталуы үшін дербес жауапкершілікте болады;
      9) заңнамаға сәйкес оған Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның директоры мен директорының орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      10) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорынның штаттық кестесін және көтермелеу туралы ережені бекітеді;
      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және өзге де ұйымдарында Басқарманың мүддесін білдіреді;
      12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Атырау облыстық геотехникалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области"

Постановление акимата Атырауской области от 27 марта 2015 года № 87. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 28 апреля 2015 года № 3192. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 27 декабря 2016 года № 306

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 27.12.2016 № 306 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)
      В соответствии со статьей 42 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, статьями 27, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 17 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       Признать утратившими силу некоторые постановления акимата Атырауской области согласно приложению 1 к настоящему постановлению.
       Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области" согласно приложению 2 к настоящему постановлению.
       Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Шакимова Т.А. - заместителя акима Атырауской области.
       Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области Б. Измухамбетов

  Приложение 1 к постановлению акимата Атырауской области от 27 марта 2015 года № 87

Перечень некоторых постановлений акимата области, утративших силу

      1. Постановление акимата Атырауской области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области";
      2. Постановление акимата Атырауской области от 26 мая 2009 года № 138 "О внесении изменений в постановление акимата области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области";
      3. Постановление акимата Атырауской области от 23 октября 2009 года № 237 "О внесении изменения в постановление акимата области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области";
      4. Постановление акимата Атырауской области от 14 декабря 2009 года № 521 "О внесении дополнения в постановление акимата области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области";
      5. Постановление акимата Атырауской области от 29 ноября 2010 года № 305 "О внесении изменений и дополнения в постановление акимата области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области";
      6. Постановление акимата Атырауской области от 5 января 2011 года № 1 "О внесении дополнения в постановление акимата области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области";
      7. Постановление акимата Атырауской области от 14 декабря 2011 года № 362 "О внесении изменения в постановление акимата области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области";
      8. Постановление акимата Атырауской области от 20 декабря 2011 года № 372 "О внесении изменений в некоторые постановления акимата области и передаче бланков государственной лицензии и приложения к государственной лицензии";
      9. Постановление акимата Атырауской области от 30 декабря 2011 года № 402 "О внесении изменений в некоторые постановления акимата области и передаче бланков государственной лицензии и приложения к государственной лицензии";
      10. Постановление акимата Атырауской области от 15 февраля 2012 года № 21 "О внесении изменений и дополнения в постановление акимата области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области" и передаче бланков государственной лицензии и приложения к государственной лицензии;
      11. Постановление акимата Атырауской области от 2 июня 2012 года № 202 "О внесении изменения в постановление акимата области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области";
      12. Постановление акимата Атырауской области от 22 февраля 2013 года № 64 "О внесении изменения в постановление акимата области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области";
      13. Постановление акимата Атырауской области от 17 мая 2013 года № 175 "О внесении изменения в постановление акимата области от 11 апреля 2008 года № 95 "Вопросы Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области".

  Приложение 2 к постановлению акимата Атырауской области от 27 марта 2015 года № 87 Утвержден постановлением акимата Атырауской области от 27 марта 2015 года № 87

Положение о государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим государственную политику в сфере архитектурно - градостроительной деятельности на территории Атырауской области.
      2. Управление не имеет ведомств.
      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Управление является юридическом лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательном порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Атырауская область, город Атырау, улица Айтеке би 77, индекс 060010.
      10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.
      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета.
      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.
      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Управления

      14. Миссия Управления: обеспечение конкурентоспособности архитектурно-градостроительной отрасли региона, формирование полноценной среды обитания и жизнедеятельности населения, устойчиво развивающихся населенных пунктов и территорий области.
      15. Задачи:
      1) проведение государственной архитектурно-градостроительной политики на территории области;
      2) обеспечение соблюдения норм законодательства об архитектурно-градостроительной деятельности, государственных нормативов и утвержденной в установленном порядке архитектурно-градостроительной и иной проектной документации при градостроительном освоении территории административной единицы области;
      3) обеспечение соблюдения норм реализации проектов строительства в соответствии с утвержденной градостроительной документацией, соблюдения градостроительной дисциплины, территориальных правил застройки;
      4) согласование проектов генеральных планов города областного значения;
      5) ведение государственного градостроительного кадастра областного уровня;
      6) осуществление иных задач в сфере архитектурной и градостроительной деятельности в пределах полномочий, установленных законодательными актами Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) обеспечение заполнения градостроительного кадастра, дежурно-оперативных планов отводов и застройки, регистрационных планов расположения подземных коммуникации и атласов инженерно-геологических выработок;
      2) подготовка предложений по вопросам улучшения деятельности органов архитектуры и градостроительства и совершенствования нормативно-методической базы;
      3) участие в установленном порядке в приеме законченных объектов жилищно-гражданского строительства производственного и непроизводственного назначения;
      4) обеспечение надлежащего профессионального уровня в деятельности работников Управления, повышении их квалификации;
      5) обеспечение своевременного рассмотрения заявлений, жалоб граждан, подведомственных предприятий и отделов по вопросам, относящимся к компетенции Управления;
      6) координация деятельности подведомственных юридических лиц;
      7) организует работу и деятельность градостроительных советов и комисии при акимате;
      8) координация деятельности по реализации комплексной схемы градостроительного планирования территорий (проекта районной планировки области или ее части), утвержденных в установленном порядке генеральных планов населенных пунктов на территории области;
      9) реализация государственной политики в области архитектуры и градостроительства;
      10) подготовливает на рассмотрение областного маслихата проекта генерального плана города областного значения с расчетной численностью населения свыше ста тысяч жителей для последующего представления в Правительство Республики Казахстан на утверждение;
      11) организация разработки и представления в Правительство Республики Казахстан на утверждение проектов комплексных схем градостроительного развития территории области (проектов районной планировки области), а также генеральных планов городов областного значения с расчетной численностью населения свыше ста тысяч жителей, одобренных областным маслихатом;
      12) организация работ по утверждению областным маслихатом комплексных схем градостроительного развития территорий подведомственных городов областного значения с расчетной численностью населения до ста тысяч жителей и районов, а также проектов генеральных планов развития городов областного значения одобренных городскими маслихатами;
      13) разработка и согласование с уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства территориальных правил застройки;
      14) организация и представление на утверждение областному маслихату территориальных правил застройки;
      15) организация разработки и представление в областной маслихат предложений, обусловленных градообразующими факторами, по установлению или изменению границ подведомственных административно-территориальных единиц в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      16) согласование проектов генеральных планов городов областного значения;
      17) информирование населения о планируемой застройке территории либо иных градостроительных изменениях;
      18) организация разработки и реализации градостроительных проектов (проектов детальной планировки, проектов застройки), разрабатываемых для развития утвержденных генеральных планов (комплексной схемы градостроительного планирования, проектов планировки) населенных пунктов;
      19) обеспечивает ведение и наполнение информационной системы "Адресный регистр";
      20) организует разработку и утверждение акиматом области по согласованию с уполномоченным органом в сфере информатизации положения о порядке регистрации и структуре адреса в информационной системе "Адресный регистр";
      21) оказание содействия в работе государственных органов архитектурно-строительного контроля и надзора на территории области;
      22) предоставление в установленном порядке информации и сведений для внесения в базу данных государственнного градостроительного кадастра;
      23) в соответствии со схемой размещения производительных сил Республики Казахстан разрабатывает схему районной планировки области, генеральные планы застройки областного центра, административных районов, генеральные планы застройки районных центров, городов областного значения и организует работу по их утверждению областным маслихатом;
      24) осуществление соответствующих мероприятий по укреплению гендерного равенства в Учреждении;
      25) осуществляет контроль за сохранностью имущества подведомственных юридических лиц;
      26) осуществляет управление товариществ с ограниченной ответственностью в отрасли архитектуры и градостроительства;
      27) в случаях, когда ему переданы права владения и пользования государственными долями участия в уставном капитале, назначает своего представителя в состав соответствующего наблюдательного совета товариществ с ограниченной ответственностью, в которых единственным участником является государство, а в иных товариществах с ограниченной ответственностью с участием государства представляет на утверждение общим собранием участников товарищества с ограниченной ответственностью кандидатуру в наблюдательные советы;
      28) обеспечивает или принимает необходимые меры для включения представителя местного уполномоченного органа по государственному имуществу в состав наблюдательного совета товарищества с ограниченной ответственностью с участием государства;
      29) готовит сведения, в том числе поименный перечень, находящихся в его управлении государственных юридических лиц, и юридических лиц с участием государства, в отношении которых он осуществляет права государства как участника на участие в управлении, для отражения этих сведений в реестре государственного имущества;
      30) осуществляет выполнение иных функций, определенные настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан, а также возложенных на него акиматом области.
      17. Права и обязанности Управления:
      1) не согласовывать проектную документацию для строительства, выполненную с нарушением архитектурно-планировочного задания, правил застройки населҰнных пунктов и городов, утвержденной градостроительной документации, строительных норм и правил;
      2) не согласовывать предложения по предварительному размещению объектов строительства и отводов земельных участков, которые противоречат утвержденным градостроительным проектам (проекту районной планировки, пригородной зоны, генеральному плану города, проектам детальной планировки и застройки частей населенных пунктов и другим проектам);
      3) привлекать квалифицированных специалистов к участию в экспертизе проектов градостроительной документации, а также к подготовке предложений и рекомендаций по градостроительной политике соответствующих государственных органов;
      4) участвовать в осуществлении научно-технического и экономического сотрудничества с зарубежными странами, оказывать содействие, в пределах своей компетенции;
      5) запрашивать информацию от соответствующих предприятий и аппаратов акимов города Атырау, районов и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;
      6) в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан осуществление внутренного финансового контроля в подведомственных государственных учреждениях;
      7) взаимодействовать в установленном порядке с другими исполнительными органами, организациями, учреждениями всех форм собственности по вопросам, относящимся к компетенции Управления;
      8) вносить предложения местному уполномоченному органу по государственному имуществу по созданию, реорганизации и ликвидации подведомственных предприятий на праве хозяйственного ведения (КГП);
      9) осуществлять иные права, предусмотренные законодательством.

3. Организация деятельности Управления

      18. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      20. Первый руководитель Управления имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя Управления:
      1) руководит деятельностью Управления и обеспечивает выполнение возложенных на него задач;
      2) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в Управлении и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      3) без доверенности действует от имени Управления, представляет его интересы в государственных органах и других организациях;
      4) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должность и освобождает от должности работников Управления;
      5) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления;
      6) в пределах своей компетенции издает приказы и подписывает акты по Управлению;
      7) утверждает положения о структурных подразделениях Управления;
      8) обладает правом пользования и управления имуществом, финансовыми средствами, принадлежащими Управлению и несет персональную ответственность за соблюдение финансовой дисциплины;
      9) в соответствии с законодательством назначает, а также освобождает директора и заместителя директора государственного предприятия, для которого Управление является органом государственного управления;
      10) утверждает штатное расписание и правила премирования подведомственной организации;
      11) представляет Управление в государственных и иных организациях Республики Казахстан;
      12) в пределах своей компетенции осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством.
      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его заменяющим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель Управления определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Управления

      23. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.
      25. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      26. Реорганизация и упразднение Управления осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящихся в ведении Управления

      Товарищество с ограниченной ответственностью "Атырауский областной геотехнический центр".