"Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 105 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 3201 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 124 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 23.05.2017 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
       Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №105 қаулысына 1 - қосымша

Атырау облысы әкімдігінің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 102 "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері туралы" қаулысының 2-тармағы;
      2. Атырау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № 191 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 102 "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      3. Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 138 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 102 "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      4. Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 284 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 102 "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      5. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы № 78 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 102 "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      6. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 370 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 102 "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы;
      7. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 20 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 102 "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы.

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 105 қаулысына 2-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 105 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомствосы жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.      
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы Атырау облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты орындау болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
      3) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік құралдармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі функциясын жүзеге асырады;
      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдауды және оның шығындарын өтеуді жүзеге асырады;
      3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды:
      амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес;
      стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;
      4) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитарлық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырады;
      5) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
      7) денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      8) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына береді;
      9) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      11) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;
      11) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;
      12) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;
      13) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
      14) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
      15) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді;
      16) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;
      17) уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;
      18) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған бюджет қаражатының пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
      19) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
      20) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды;
      21) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      22) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына облыстық жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;
      23) белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және олардан емдеуді, оған қоса тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      24) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
      25) тұрғындардың шағымдарын, өтініштерін қарап, қажетті шаралар қабылдайды;
      26) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді;
      27) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      28) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
      29) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізеді (инфекциялық және паразиттік аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);
      30) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
      31) тіндердің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөлігінің) ерікті түрде өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
      32) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзуді жүзеге асырады;
      33) бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметтерінің басым бағыттарын және міндетті жұмыстар (қызметтер) көлемін айқындайды;
      34) тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
      35) тиісті саладағы коммуналдық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      36) тиісті саладағы коммуналдық заңды тұлғалардың жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
      37) тиісті саладағы мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
      38) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
      39) өзіне бағынысты ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен және өзге нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген тиісті саладағы уәкілетті органның функцияларын атқарады;
      40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін ұйымдастыру-құқықтық нысанына және ведомстволық бағынысына қарамастан медициналық ұйымдардан, азаматтар мен лауазымды тұлғалардан ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;
      2) өңірлік бағдарламалар шеңберінде азаматтар денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      3) Басқарманың ұйымдастыру қызметін және материалдық-техникалық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) денсаулық сақтауды дамытуға елеулі үлес қосқан медициналық қызметкерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынады.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын, орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      4) штаттық кестені және Басқарманы ұстауға бөлінген төлемақы қоры және штат саны лимиті шегінде шығыстар сметасын бекітеді;
      5) заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу мәселелерін шешеді;
      6) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді, шарттар жасасады, сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда оның мүддесін білдіреді;
      7) Басқарма қызметкерлері және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      8) тұрғындардың жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
      9) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық офтальмология ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      2) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 1 Атырау қалалық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      3) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 2 Атырау қалалық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      4) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық онкология диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      5) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      6) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      7) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық кардиологиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      8) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық перзентханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      9) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      10) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау қалалық перзентханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      11) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 3 Атырау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      12) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 4 Атырау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      13) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 5 Атырау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      14) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Геолог емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      15) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 7 Атырау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      16) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      17) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жылыой аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      18) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      19) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Исатай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      20) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      21) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Мақат аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      22) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      23) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      24) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      25) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      26) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық психиатриялық жүйке тамырлар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      27) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық наркологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      28) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық қан орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      29) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      30) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      31) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық туберкулезге қарсы өкпе аурулар санаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      32) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      33) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      34) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      35) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Дамбы дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      36) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      37) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      38) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет ауданаралық туберкулез ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      39) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық өкпе аурулар диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      40) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Исатай аудандық өкпе аурулар диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      41) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жылыой аудандық өкпе аурулар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      42) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Мағзом Ғилаев атындағы Құрманғазы аудандық өкпе аурулар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      43) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Мақат өкпе ауруларға қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      44) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС) қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1) "Орталық нерв жүйесі зақымдалған балалар үшін арнаулы Сәбилер үйі" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Арнаулы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление здравоохранения Атырауской области"

Постановление акимата Атырауской области от 17 апреля 2015 года № 105. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 12 мая 2015 года № 3201. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 23 мая 2017 года № 124

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 23.05.2017 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 42 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, статьями 27, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 17 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

       Признать утратившим силу некоторые постановления акимата Атырауской области согласно приложению 1 к настоящему постановлению.
       Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление здравоохранения Атырауской области" согласно приложению 2 к настоящему постановлению.
       Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Мукана Ш.Ж. – заместителя акима Атырауской области.
       Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Б. Измухамбетов

  Приложение 1 к постановлению акимата Атырауской области от 17 апреля 2015 года № 105

Перечень утративших силу некоторых постановлений акимата Атырауской области

      1. Пункт 2 постановления акимата Атырауской области от 14 апреля 2008 года № 102 "Вопросы Управления здравоохранения Атырауской области".
      2. Постановление акимата Атырауской области от 10 августа 2009 года № 191 "О внесении изменения в постановление акимата области от 14 апреля 2008 года № 102 "Вопросы Управления здравоохранения Атырауской области".
      3. Постановление акимата Атырауской области от 4 июня 2010 года № 138 "О внесении изменения в постановление акимата области от 14 апреля 2008 года № 102 "Вопросы Управления здравоохранения Атырауской области".
      4. Постановление акимата Атырауской области от 28 октября 2010 года № 284 "О внесении изменения в постановление акимата области от 14 апреля 2008 года № 102 "Вопросы Управления здравоохранения Атырауской области".
      5. Постановление акимата Атырауской области от 17 марта 2011 года № 78 "О внесении изменения в постановление акимата области от 14 апреля 2008 года № 102 "Вопросы Управления здравоохранения Атырауской области".
      6. Постановление акимата Атырауской области от 20 декабря 2011 года № 370 "О внесении дополнения в постановление акимата области от 14 апреля 2008 года № 102 "Вопросы Управления здравоохранения Атырауской области".
      7. Постановление акимата Атырауской области от 23 января 2013 года № 20 "О внесении изменения в постановление акимата области от 14 апреля 2008 года № 102 "Вопросы Управления здравоохранения Атырауской области".

  Приложение 2 к постановлению акимата Атырауской области от 17 апреля 2015 года № 105
  Утвержден постановлением акимата Атырауской области от 17 апреля 2015 года № 105

Положение о государственном учреждении "Управление здравоохранения Атырауской области" Общее положение

      1. Государственное учреждение "Управление здравоохранения Атырауской области" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере здравоохранения.
      2. Управление не имеет ведомств.
      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами первого руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 060010, Республика Казахстан, Атырауская область, город Атырау, улица Айтеке би, 77.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление здравоохранения Атырауской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.
      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из областного бюджета.
      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Управления

      14. Миссией Управления является выполнение государственной политики в области здравоохранения на территории Атырауской области.
      15. Задачи:
      1) реализация государственной политики в области здравоохранения;
      2) обеспечение исполнения законодательства Республики Казахстан в области здравоохранения, образования и науки;
      3) обеспечение граждан и оралманов медицинской помощью и лекарственными средствами, изделиями медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, включая медицинские услуги по временной адаптации и детоксикации;
      4) организация и осуществление мониторинга и контроля за деятельностью субъектов здравоохранения, за исключением организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.
      16. Функции:
      1) осуществляет функции администратора бюджетных программ здравоохранения;
      2) осуществляет выбор поставщиков медицинских и фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и возмещение его затрат;
      3) осуществляет закуп и хранение лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов в рамках оказания гарантированного объема бесплатной медицинской помощи в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан:

      на амбулаторном уровне - в соответствии с перечнем, утверждаемым уполномоченным органом;

      на стационарном уровне - в пределах лекарственных формуляров;

      4) организует закуп изделий медицинского назначения и медицинской техники, немедицинского оборудования, санитарного транспорта, а также услуг на проведение капитального ремонта государственных организаций здравоохранения;
      5) организует кадровое обеспечение государственных организаций здравоохранения;
      6) обеспечивает оснащение государственных организаций здравоохранения;
      7) обеспечивает создание и функционирование региональных электронных информационных ресурсов и информационных систем, информационно-коммуникационных сетей в области здравоохранения;
      8) предоставляет клинические базы в государственных организациях здравоохранения, финансируемых за счет средств местного бюджета, для высших и средних медицинских учебных заведений;
      9) организует оказание бесплатной медицинской помощи, обеспечение лекарственными средствами и изделиями медицинского назначения при чрезвычайных ситуациях;
      10) организует и координирует деятельность по подготовке, повышению квалификации и переподготовке кадров в области здравоохранения;
      11) организует гигиеническое обучение, пропаганду и формирование здорового образа жизни и здорового питания;
      12) информирует население о распространенности социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;
      13) взаимодействует с международными и неправительственными общественными объединениями по вопросам охраны здоровья граждан;
      14) осуществляет ведомственные статистические наблюдения в области здравоохранения в пределах соответствующей административно-территориальной единицы с соблюдением требований статистической методологии;
      15) проводит аттестацию на профессиональную компетентность руководителей подведомственных государственных организаций здравоохранения;
      16) обеспечивает реализацию гражданами Республики Казахстан и оралманами права на гарантированный объем бесплатной медицинской помощи;
      17) осуществляет контроль за содержанием лиц, находящихся в центрах временной адаптации и детоксикации;
      18) обеспечивает стабильность в деятельности государственных организаций здравоохранения, финансируемых из местного бюджета, и использование бюджетных средств для гарантированного объема бесплатной медицинской помощи;
      19) обеспечивает эффективное планирование и использование ресурсов здравоохранения;
      20) принимает меры по повышению качества медицинских услуг;
      21) обеспечивает реализацию мер по развитию добровольного безвозмездного донорства крови и ее компонентов;
      22) оплачивает проезд внутри страны отдельным категориям граждан по перечню, определяемой местным представительным органом области, выезжающих за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокоспециализированной медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи;
      23) организует оказание населению квалифицированной и специализированной медицинской помощи, в том числе профилактику и лечение социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих, включая лекарственное обеспечение в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи с соблюдением установленных национальных стандартов;
      24) осуществляет лицензирование медицинской и фармацевтической деятельности, а также видов деятельности, связанных с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров в области здравоохранения, в соответствии с законодательством Республики Казахстан о разрешениях и уведомлениях;
      25) рассматривает жалобы, заявления от населения и принимает необходимые меры;
      26) ведет реестр субъектов, осуществляющих розничную реализацию изделий медицинского назначения и медицинской техники;
      27) осуществляет контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о разрешениях и уведомлениях по занятию медицинской и фармацевтической деятельностью, а также видов деятельности, связанных с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров в области здравоохранения;
      28) ведет реестр субъектов здравоохранения, осуществляющих оптовую реализацию изделий медицинского назначения и медицинской техники;
      29) проводит профилактическую дезинсекцию и дератизацию (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний);
      30) проводит обучение и аттестацию специалистов с медицинским образованием для осуществления реализации лекарственных средств, изделий медицинского назначения в отдаленных от районного центра населенных пунктах через аптечные пункты в организациях здравоохранения, оказывающих первичную медико-санитарную, консультативно – диагностическую помощь, и передвижные аптечные пункты в случае отсутствия специалиста с фармацевтическим образованием;
      31) обеспечивает реализацию мер по развитию добровольного безвозмездного донорства тканей (части ткани) и (или) органов (части органов);
      32) осуществляет прием уведомлений о начале или прекращении осуществления деятельности в области здравоохранения в порядке, предусмотренном Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях", а также ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений;
      33) определяет приоритетные направления деятельности и обязательные объемы работ (услуг), финансируемых из бюджета, коммунальных государственных предприятий;
      34) рассматривает, согласовывает в случаях, предусмотренных Законом и утверждает планы развития коммунальных государственных предприятий соответствующей отрасли и отчеты по их исполнению;
      35) осуществляет контроль за сохранностью имущества коммунальных государственных предприятий соответствующей отрасли и выполнением планов развития коммунальными государственными предприятиями;
      36) утверждает годовую финансовую отчетность коммунальных юридических лиц соответствующей отрасли;
      37) утверждает планы финансирования государственных учреждений соответствующей отрасли из местного бюджета;
      38) участвует в разработке нормативных правовых актов в сфере управления государственным имуществом соответствующей отрасли;
      39) в отношении подведомственных ему организаций осуществляет функции уполномоченного органа соответствующей отрасли, определенных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе" и иными нормативно-правовыми актами;
      40) осуществляет иные функции, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивает и получает информации, материалы от медицинских организаций, должностных лиц и граждан, независимо от их организационно-правовых форм и ведомственной подчиненности необходимые для решения вопросов, входящих в его компетенцию;
      2) осуществляет межведомственную координацию по вопросам охраны здоровья граждан в рамках региональных программ;
      3) вносит предложения по совершенствованию организационной деятельности и материально-технической базы Управления;
      4) представляет медицинских работников, внесших особый вклад в развитие здравоохранения к награждению государственными наградами Республики Казахстан.

3. Организация деятельности Управления

      18. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      20. Первый руководитель имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя Управления:
      1) определяет обязанности и полномочия руководителей структурных подразделений Управления;
      2) назначает на должность и освобождает от должностей работников Управления, руководителей, заместителей подведомственных организаций;
      3) утверждает Положения о структурных подразделениях Управления;
      4) утверждает штатное расписание и смету расходов в пределах выделенного лимита штатной численности и фонда оплаты на содержание Управления;
      5) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников Управления и руководителей подведомственных организаций;
      6) без доверенности действует от имени Управления, заключает договора, представляет его интересы в суде, государственных органах и других организациях;
      7) издает приказы и дает указания, обязательные для исполнения работниками Управления и руководителями подведомственных организаций;
      8) организуют прием граждан по личным вопросам населения;
      9) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в Управлении и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      10) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Управления

      23. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      24. Имущество, закрепленное за Управлением относится к коммунальной собственности.
      25. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      26. Реорганизация и упразднение Управления осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящихся в ведении Управления

      1) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауская областная офтальмологическая больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      2) Коммунальное государственное предприятие "Атырауская городская поликлиника № 1" Управления здравоохранения Атырауской области";
      3) Коммунальное государственное предприятие "Атырауская городская поликлиника № 2" Управления здравоохранения Атырауской области";
      4) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауский областной онкологический диспансер" Управления здравоохранения Атырауской области";
      5) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауский областной кожно-венерологический диспансер" Управления здравоохранения Атырауской области";
      6) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауская областная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      7) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауский областной кардиологический центр" Управления здравоохранения Атырауской области";
      8) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауский областной родильный дом" Управления здравоохранения Атырауской области";
      9) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауская областная детская больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      10) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауский городской родильный дом" Управления здравоохранения Атырауской области";
      11) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауская городская поликлиника № 3" Управления здравоохранения Атырауской области";
      12) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауская городская поликлиника № 4" Управления здравоохранения Атырауской области";
      13) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауская городская поликлиника № 5" Управления здравоохранения Атырауской области";
      14) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Геологская поликлиника" Управления здравоохранения Атырауской области";
      15) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауская городская поликлиника № 7" Управления здравоохранения Атырауской области";
      16) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Махамбетская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      17) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Жылыойская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      18) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Индерская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      19) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Исатайская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      20) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      21) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Макатская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      22) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауский областной центр формирования здорового образа жизни" Управления здравоохранения Атырауской области";
      23) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Кызылкогинская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      24) Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауский медицинский колледж" Управления здравоохранения Атырауской области";
      25) Коммунальное государственное казенное предприятие "Атырауская областная инфекционная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      26) Коммунальное государственное казенное предприятие "Областная психо-неврологическая больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      27) Коммунальное государственное казенное предприятие "Атырауский областной наркологический диспансер" Управления здравоохранения Атырауской области";
      28) Коммунальное государственное казенное предприятие "Атырауский областной центр крови" Управления здравоохранения Атырауской области";
      29) Коммунальное государственное казенное предприятие "Атырауское областное паталого-анатомическое бюро" Управления здравоохранения Атырауской области";
      30) Коммунальное государственное казенное предприятие "Атырауский областной противотуберкулезный диспансер" Управления здравоохранения Атырауской области";
      31) Коммунальное государственное казенное предприятие "Атырауский областной противотуберкулезный санаторий" Управления здравоохранения Атырауской области";
      32) Коммунальное государственное казенное предприятие "Областной детский противотуберкулезный санаторий" Управления здравоохранения Атырауской области";
      33) Коммунальное государственное казенное предприятие "Атырауская городская станция скорой медицинской помощи" Управления здравоохранения Атырауской области";
      34) Коммунальное государственное казенное предприятие "Атырауская областная детская стоматологическая поликлиника" Управления здравоохранения Атырауской области";
      35) Коммунальное государственное казенное предприятие "Дамбинская врачебная амбулатория" Управления здравоохранения Атырауской области";
      36) Коммунальное государственное казенное предприятие "Еркинкалинская врачебная амбулатория" Управления здравоохранения Атырауской области";
      37) Коммунальное государственное казенное предприятие "Кызылкогинский районный противотуберкулезный диспансер" Управления здравоохранения Атырауской области";
      38) Коммунальное государственное казенное предприятие "Махамбетская межрайонная туберкулезная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      39) Коммунальное государственное казенное предприятие "Индерский районный туберкулезный диспансер" Управления здравоохранения Атырауской области";
      40) Коммунальное государственное казенное предприятие "Исатайский районный туберкулезный диспансер" Управления здравоохранения Атырауской области";
      41) Коммунальное государственное казенное предприятие "Жылыойская районная туберкулезна больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      42) Коммунальное государственное казенное предприятие "Курмангазинская районная туберкулезная больница имени Магзома Гилаева" Управления здравоохранения Атырауской области";
      43) Коммунальное государственное казенное предприятие "Макатская противотуберкулезная больница" Управления здравоохранения Атырауской области";
      44) Коммунальное государственное казенное предприятие "Областной центр по профилактике и борьбе с синдромом приобретенного иммунодефицита (СПИД)" Управления здравоохранения Атырауской области".

Перечень государственных учреждений, находящихся в ведении Управления

      1) Государственное учреждение "Специализированный Дом ребенка для детей с поражением центральной нервной системы";
      2) Коммунальное государственное учреждение "База специального медицинского снабжения" Управления здравоохранения Атырауской области".