Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 33 "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 344 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 желтоқсанда № 3368 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 16.05.2017 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 33 "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3130 тіркелген, 2015 жылғы 31 наурыздағы "Атырау" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      қосымшада:

      "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      16–тармақ келесі мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:

      "31) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды.".

       Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

О внесении дополнения в постановление акимата Атырауской области от 13 февраля 2015 года № 33 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление природных ресурсов и регулирования пиродопользования Атырауской области"

Постановление акимата Атырауской области от 18 ноября 2015 года № 344. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 3 декабря 2015 года № 3368. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 16 мая 2017 года № 105

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 16.05.2017 № 105 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 27, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

       Внести в постановление акимата Атырауской области от 13 февраля 2015 года № 33 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Атырауской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3130, опубликовано 31 марта 2015 года в газете "Прикаспийская коммуна") следующее дополнение:

      в приложении:

      в Положении о государственном учреждении "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Атырауской области":

      пункт 16 дополнить подпунктом 31) следующего содержания:

       "31) заключают, регистрируют и хранят контракты на разведку, добычу общераспространенных полезных ископаемых и строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой или добычей.".

       Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Дюсембаева Г.И. - первого заместителя акима Атырауской области.
       Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Б. Измухамбетов