Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарғысына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Махамбет ауданы әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Жаңабаев |
Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы " 5 " қаңтардағы № 2 қаулысына қосымша | |
Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы " 5 " қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген |
"Махамбет аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Жалпы ережелер
1. "Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" (бұдан әрі – Бөлім) ауылшаруашылығы және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі - 060700, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі 13.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.15. Бөлімнің міндеттері:
1) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында Махамбет ауданының жергілікті атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
16. Бөлімнің функциялары:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
3) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына есептілік ұсыну;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен жұмысшы орган ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру;
6) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
8) ауылдық атқарушы органдарының құзырына берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елді мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиісті өкілді органның бекітуіне әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерді резервте қалдыру;
10) Қазақ Республикасының заңнамасына сәйкес іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары жүйесін дамыту мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;
2) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
4) жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
5) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
7) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды,бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
2) заңдарға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
4) Бөлімнің актілеріне қол қояды;
5) сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарды жүргізеді және дербес жауап береді;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасары өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
25. Бөлімге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.